Жетісай ауданында жеке қабылдауда және әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан ауыз суға қатысты шағымдар мен ұсыныстар айтылып жатады. Осыған байланысты аудан әкімі Серік Мамытов ауданның ауыз су мәселесін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз мекемесінде болды.

        Бұрынғы Кеңес одағы кезеңінде салынып, әбден тозығы жеткен Жетісай қаласы ауыз су жүйелерін қайтадан құру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен арнайы қаржылар бөлінген еді. Соның есебінен қаланы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын жобаның құрылысына 2021 жылы республикалық бюджеттен 690,8 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме – «Строй Жол Сервис Kz» ЖШС-сі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылған болатын.

      Ал, 2022 жылға республика қазынасынан тағы да қосымша 1,4 млрд. теңге, 2023 жылға 506,8 млн. теңге қаржылар қарастырылып, жобаға сәйкес қала ішіндегі тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылған. Ауыз су қораптары орнатылып, санитарлық қорғау аймағынан сыйымдылығы 2600 текше метр болатын жаңадан 2 дана таза су резервуары, насос станциясының құрылысы және жаңадан 1 дана ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсанында толығымен аяқталып, қолданысқа беріліп, бүгінгі таңда жергілікті тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

       Айт кетерлігі, белгіленген жоспарға сәйкес қазіргі таңда Жетісай қаласының ішіндегі тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары, полиэтилен құбырларға ауыстырылған.

ҚАЛАДА АУЫЗ СУҒА ҚАТЫСТЫ ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған