«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» еліміздегі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін бекітілген кешенді жоспар болып табылады.
Үкімет сөз болып отырған бағдарлама азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, әл-ауқатты арттыру, еңбек саласындағы қолданылып жүрген әдістерді жаңалау мақсатында жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Соның ішінде жаңа өнеркәсіптік кластерлер құру, шағын бизнес пен орта бизнесті қаржылық қолдауды қолға алу, ірі кәсіпорындар маңында ШОБ-ты дамытуға қолайлы жағдай жасау арқылы жаңа жұмыс орындарын көбейту көзделген. Ал АӨК саласында жаңа жұмыс орындарын арттыру үшін қосалқы үй шаруашылықтарын құру, инвестициялық жобаларды іске асыру және микрокредит көлемін арттыру қарастырылған. «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» жаңа жұмыс орындарын құрумен ғана шектелмейді. Ол халықты жұмыспен қамтуға жағдай жасап, еңбекке жарамды халық үлесінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша бірнеше тармақ негізінді жұмыс атқарады. Аталған шаралардың мақсаты – күнкөріс деңгейі мен табысы төмен халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық дейгейін азайту, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құру.
Бұл межелі мақсаттар біртіндеп орындалып келеді. Мәселен, жоба іске кіріскен жылы-ақ 563 мың жұмыс орны құрылған. Ал негізінен 2025 жылға дейін жобамен 34 мың жаңа жұмыс орны құрылады, 73 жоба іске аспады деп жоспарланған. Алғашқы 2022 жылы 14 жоба іске асырылып, 9,5 мың жұмыс орны құрылатын болады, оның ішінде 1-ші жартыжылдықта 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл орайда үкімет пен министрліктер ғана емес, «Самұрық-Қазына» инвестициялық холдингі де белменділік танытуда. Аталған қор өндіріс орындарындағы қатардағы жұмысшылардың жалақысын көбейту, әртүрлі өңірлердегі жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында елеулі еңбек етіп келеді. Қор еліміздің батыс өңірлерін сумен қамтамасыз етуге, Алматы энергетикалық орталығын газдандыруға және теміржол көлігін дамытуға бағыттарлған 13 көлемді жобаның жұмыстарымен айналысуда. Осы жұмыстар өз нәтижесін берсе, жаңадан 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Кейіннен, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына» үкімет қаулысымен өзгерістер енгізіліп, ол 2029 жылға дейін межеленді. Жаңадан қайта қабылданған бағдарламаның бағыты да сол баяғыша – қазақстандықтардың табысын арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын көтеру. Бір ерекшелігі, мұнда бұрынғыша бюджет пен кәсіпорындардың өзі арқылы айлық табысты тікелей көбейтуге емес, жастардың және еңбекке жарамды халықтың кәсіби біліктілігі мен шеберлік дағдыларын арттыру, адами капиталды дамыту арқылы жқмыс өнімділігін арттыруға мән беріледі. Жаңартылған кешенді жоспар бес бөлікті назарға алып, сол бойынша жұмыс істемек.
Бұл іс шараларды атап өтер болсақ: жергілікті жұмыспен қамту карталарын ескере отырып экономиканың нақты секторында жаңа жұмыс орындарын құру, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын көбейту, халықтың табысын арттыратын жүйелі мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, бюджеттен төленетін айлық мөлшерін арттыру, халықты әлеуметтік қолдау болып табылады.