Бүгін, АЭС салуды талқылау жөніндегі Жұманов Бахытжан Айтуғанұлы Мақтарал ауылдық округіне қарасты, Өркениет елді-мекенінде орналасқан «Демеу» отбасын қолдау орталығының ұжымымен және орталықтан қызмет алушы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, референдумның мән-маңызын талқылау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіп, АЭС жобасының ұтымды тұстарын айта келе, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталды.
         Тарихи қалыптасқан жадыға байланысты Қазақстанда атом энергетикасына сақтықпен қарайтын көзқарас орын алған. Дегенмен, қалыптасқан қорқынышты объективті фактілер арқылы жоюға болады.
Біріншіден, атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады.
        Екіншіден, Қазақстан технологиялық жағынан әлдеқайда алға кеткен III және III+ буынды атом электр станцияларын салатын болады. Мысалы, Чернобыль атом электр станциясы 1977 жылы, Фукусима АЭС 1971 жылы салынған болатын.
Үшіншіден, статистикаға сәйкес, атом электр станцияларында 10 миллион жылда бір ғана ауыр апат болуы мүмкін. Бұл ретте көмір жылу электр орталықтарындағы жарылыс ықтималдығы 80 есе жоғары.
           Жалпы, бүгінгі кездесуде штаб мүшесі АЭС бойынша осындай ұтымды жақтарды насихаттап, атом электр станциясын салудың ел-халқымыз үшін тиімді екендігін айтылды.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған