Елімізде соңғы уақытта креативті индустрия туралы жиірек айтылып, бұл салаға мемлекет те аса мән беріп келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізері сөзсіз.

Сондықтан да Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажет екенін айтқан болатын. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойған еді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның эко­­номикалық бағдары» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сү­­­йей­­­тін «креативті өндіріс» салалары шы­­найы инклюзивті экономиканы дамы­­­­тудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десе­­­ңіз, креативті экономика дарынды әрі шы­ғар­машыл адамдарды өзіне тар­­­­татын ірі қалалардың дамуына ықпал ету­­­ші күшке айналуда. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индус­­­­трияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отан­дастарымыз аз емес. Біз елі­міз­де креа­­­тивті экономиканың жан-жақты дамуы­­на барлық жағдайды жа­­­­сауы­мыз керек. Соның ішінде зият­­­­­кер­­­­лік меншікті қор­ғайтын құқық­тық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе» деген еді. 

Қазір креативті индустрия орталық­­тары 3 ірі қалада (Астана, Алматы, Шым­­кент) шоғырланған, ал өңірлер на­­­­зардан тыс қалып отыр.  Сондықтан да Мемле­­­кет басшысы «Креативті ин­­­­дус­трия субъектілері өндіріс ерекше­­­лігіне байла­­ныс­­ы кәсіпкерлікті қолдау бағдар­л­амаларына толық қатыса алмай­­­ды, қар­жы­­лай көмек те ала алмайды. Оларға қол­­­­­­дау көрсетуге арналған шара­лардың жеке топтамасын әзірлеу қажет деп са­наймын» деген болатын.

Одан басқа, Мемлекет басшысы 2023 жылдың қыр­күйек айындағы Жолдауында Үкімет алдына бірқатар жаңа міндет қойды. Оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустрияны дамытуды қолға алуды тапсырды. Шы­ғар­машылық индустрия, креативті эко­номика немесе білім экономикасы – бұл, ең алдымен, идеялар мен тех­­­­­но­­­­­­­логия­лар негізінде дамитын зия­ткер­лік қызметпен тығыз байланысатын эконо­мика секто­ры. Бұл уәкілетті орган ре­тінде министр­лік жұ­мы­­сының ең негізгі бағыты.

Ал баспасөз мәслиха­тының бірінде еліміздің  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздегі креативті ин­­дустрияны дамыту бағытында атқары­лып жатқан жұмыстар туралы баяндап, онда сала басшысы креативті дамытуды тек пайда үшін  қарастырмау керегін айтты. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының бая­н­­да­­­масына сәйкес, шығармашылық және мәдени салалар қоғамымыздың инклю­зивті және тұрақты дамуымызға айтар­лықтай әсер береді. Атқаратын жұмыс көп. Креативті экономика дамып, өр­­­кен­­дегенімен, біз оның даму барысын қазір ғана мемлекеттік дең­гей­де қарас­тырып, жеделдетуді қолға ал­­дық. Қазақ­стан экономикасына креа­тив­ті индус­трия­­­лардың үлесін ұл­­­ғайтуды 2025 жылы 5%-ға (2023 жылы – 4,07%, 2024 жылы – 4,53%), креативті индустрия­ларда жұ­мыс­пен қамтуды 2025 жылы 4%-ға дейін арттыруды (2023 жылы – 3,8%, 2024 жы­лы – 3,9%) жоспар­­­­лап отырмыз, креа­­тивті индус­­триядағы шағын және орта бизнестің үлесі 2025 жылға қарай 1,5 есеге ұлғаяды (2023 жылы – 66 мың, 2024 жылы – 73 мың). Оған қоса, осы уа­қыт­қа дейін креативті технология­лар­­ды дамыту есе­бінен отыз мыңнан астам жаңа жұ­мыс орындарын құру жос­пар­­­­ланып отыр. Ал креативті индустрия­лар өнім­дерінің экспорты екі жүз млн дол­ларға дейін өсу мүмкіндігі бар.

Қорыта айтсақ,  креативті индустрия дегеніміз – медиа, мәдениет пен креативті саланы біріктіру кешенді және жүйелі жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Басты міндет – осы бағытты да­мыту жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін барынша күш-жігер салу болып табылады. Сол себепті осы мүмкіндікте айырылып қалмауымыз қажет.

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған