Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысының Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның бөлім мамандары Д.Аманов, М.Әлиасқардың және ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог-инспекторы М.Асанханның қатысумен аудандағы №52 М.Ғабдуллин, №53 Ғ.Мүсірепов, №54 Қ.Әбдалиев, №55 С.Айни, № 56 М.Тұрсын Заде атындағы жалпы білім беру мекемелерінде  жоғарғы сынып оқушылары арасында «Деструктивті діни ағымдардан сақтану» бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіп, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Осы жерде атап кетерлігі жастардың діни сауаттылықтарын арттыруға арналған осындай жиындар ауданымыздың басқа да мектептерінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жақында ғана осындай бағытта «Жамбыл атындағы №39 жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысы діни істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маман Д. Аманов, ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы М.Асанхан мен МАББ әдіскері Р.Алтынбаева 9-11 сынып оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы» кездесу өткізді. Сол кездесу барысында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Дәурен Аманов өз сөзінде, Ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға тигізіп отырған зияндылығы мен әсері туралы қысқаша түсіндіріп өтті.

Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы Асанхан Мейрамбек қазіргі таңда көптеген жастарымыз жат ағымдардың арбауына түсіп қалып, түрлі құқық бұзушылықтарға барып отырғандығын және қазіргі таңда өзекті болып тұрған әлеуметтік желінің зияны туралы түсіндірді. Сондай-ақ, сөзге шыққан МАББ әдіскері Р. Алтынбаева Дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, сөзге шыққан  спикерлер қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған