Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 16 қаңтарында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 30 мектеп мұғалімдерінің ішінен мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пән 30 мектеп ішінен, Сәкен Жадыра жүлделі І орын иеленіп, облысқа жолдама алды.
Аталған педагогикалық Олимпиаданың республикалық кезеңіне республикамыздың әр аймағындағы білім беру ұйымдарының 0-5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, педагог қатарынан 16 мұғалім ішінен жүлделі ІІІ орынды иеленіп ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Олимпиада барысында Сәкен Жадыра Сәкенқызы заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсете білді.
Осында жас шығармашыл әріптесімізге шығармашылық қабілеттер мен толағай табыстар тілейміз.
Сағит ДҮЙСЕНБЕКОВ,
Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ директоры.