«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп М.Әуезов айтқанындай, №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 14 – 24 қазан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің жоспарлауымен «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің жоспарында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңдіретін, дәріптейтін түрлі іс- шаралар енгізілді.
Онкүндіктің ашылуының өзі «Ұлттық құндылықтар әлеміне саяхат» деген тақырыппен оқушыларға ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киім үлгілері мен «үлкенге құрмет,кішіге ізет» көрсету сияқты көріністермен ерекшеленді . Онкүндік барысында білім алушылар ашық сабақтар мен сабақтан тыс шараларға, ойындарға, байқауларға қатыса отырып ұлттық құндылықтардың кәусар бұлағынан сусындады. Атап айтар болсақ, 2 «Ә» сынып жетекшісі Ақылбекова Боранкүл апайымыз ата- аналармен өткізген «Салауатты өмір салты – басты құндылығымыз» тақырыбында тренингі өте мағыналы болды. Сондай -ақ, 4- сынып жетекшісі Сапарбаева Қалиманың «Ұлттық құндылықтар математика сабағында» атты ашық сабағы оқушыларға есептеу жолында ұлттық санау, өлшем бірліктері сияқты есептеу үлгілерін үйретуі онкүндік тақырыбымен керемет ұштаса білді.
3 «А» – сынып жетекшісі Оңалбекова Анар апайдың Әдебиеттік оқу пәнінен өткізген «Алтын сөз» тақырыбындағы ашық сабағы білім алушыларға дұрыс сөйлей білу де басты құндылықтарымыздың бірі екендігін дәріптеп берді. 1 «Ә» сынып жетекшісі М.Ақылбекованың ата – аналармен «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелі, «Ою- өрнектер сөйлейді» тақырыбындағы өткен суретшілер байқауы, ұйымдастырушы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Оңғарбаева Манат апайымыз, 1 «А» сынып жетекшісі Утегенова Болсынай апайдың өткізген «Менің отбасым – бақыт мекенім» тақырыбындағы ашық сабақ, 2 «А» – сынып жетекшісі Н.Базарбекованың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Н мен Ң дыбыстары» тақырыбындағы ашық сабағы, 4 «Ә» -сынып жетекшісі Исматова Надыра апайдың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз» сабақтан тыс сабағы, 3 «Ә» сынып жетекшісі Муратова Нұрсұлу апайдың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Х,Һ дыбыстары» тақырыбындағы ашық сабақтар, МАДТ тәрбиешілері Қ.Есенбекова мен М.Юсупованың ұйымдастырумен өткізген «Ұлттық ойындар – ұлттық құндылықтардың басты кепілі» тақырыбындағы «Толағай» спорттық ойыны жас ұрпақ үшін басты құндылық болатын білім нәрі бола білді деп айтуымызға болады. Онкүндік жоспарға сай өткізіліп, марапаттау шаралары өткізілді.
Г.ОМАРОВА,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ бастауыш сынып ӘБ жетекшісі.