Мақтаарал ауданы, Қарақыр елдімекенінде орналасқан №29 А.Тұяқбаев атындағы жалпы білім беру мекемесінің 8-9-10-11 сынып оқушылары және мұғалімдерінің қатысумен «Этносаралық татулық – ел дамуының кепілі» тақырыбында кездесу болып өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындары арасында бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту болды.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім мекемесінің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің директоры Н.Ошантаев, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары А.Каримов қатысып, жастармен еркін форматта сұхбат құрды.
Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігін, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.
Сөзге шыққандар өздеріне жастар тарапынан кездесу тақырыбына қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауаптар қайтарды.