Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек Мақталы ауылдық округінде болып, округ ақсақалдарымен, шаруа қожалық иелерімен және ауыл шаруашылық өндірістік кооператив төрағаларымен жүздесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Тасов, аппарат басшысы Е.Алданиязов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш қатысты.
Кездесу барысында алдымен аудан әкімі » Ержігіт ата » шаруа қожалығына барып жүзім шаруашылығымен танысты. «Ержігіт ата» шаруа қожалығы 11га жерге жүзімнің ризамат, кишмиш, тайфы сорттарын еккен. Бүгінде гектарынан 8-9 тонна өнім алады. Кейіннен мал бордақылаумен айналысатын «Мютембай ата» шаруа қожалығына барып тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Іс-сапар кестесіне сәйкес аудан әкімі жаңадан салынып жатқан Алмалы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, құрылыс барысындағы кемшіліктерді мердігер тараппен біргелікте орындауды ауыл әкіміне тапсырды. Соңынан Мақталы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында бірнеше ауыл тұрғындарынан ұсыныстармен өтініштер түсті. Аудан әкімі М.Қадырбек Мақталы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде көтерілген ұсыныстар, пікірлер, өтініштерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, жиында көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын айтты.
АУДАН ӘКІМІ М.ҚАДЫРБЕК МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ