Бала – өміріміздің мәні. Бала өмірі үшін әрбіріміз жауаптымыз.  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы заңына сәйкес баланың құқықтары сақталып, қорғалады. Баланың ең басты құқығы оның дүниеге келіп өмір сүруінен, оқып, білім алып, денсаулығын күту мен қатар баланың әлеуметтік қамтамасыз етілуі заңды шарт. Баланың әлеуметтік қамтылуына ата-аналары толық жауапты. Баланың әлеуметтік – тұрмыстық қамтамасыз етілуін қадағалап, тексеру, оқушылардың құқықбұзушылығының алдын-алу шараларын ұйымдастыру, бейберекетсіз отбасы есебінде тұрған отбасылармен және мектепте білім алатын оқушымен де тығыз жұмыстар жүргізіп отыру мектеп әкімшілігі, соның ішінде мектептің әлеуметтік педагогының ең жауапты ісі.

Осы орайда Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылы «Сәкен Сейфуллин атындағы №52 орта мектеп» КММ-де баланың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеру жұмысы тыңғылықты жүріп отырады. Оқу жылының басында Бала құқықтарына сәйкес әрбір мектепке дейінгі және мектеп жасындағы баланың мектеп қабырғасында білім алу құқығын сақтай отырып, әрбір баланың оқу – біліммен қамтылуын басты назарға алып, тексеру жұмыстары бойынша рейд жасалады. Оқу процесі барысында баланың өмірі мен жетілуіне жауапкершілікті арттыру қажеттігі бойынша ата-аналармен немесе олардың асыраушы қамқоршы- қорғаншыларымен түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, бала өміріне жауапсыз қараған ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі.    

          Жыл сайын мектебімізде «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылады. Акция барысында мектеп ұжымы және орталық базар қызметкерлерінің көмегімен аз қамтылған, көп балалы, бейберекетсіз отбасының балаларына көмек көрсетілді (киім-кешектер, аяқ киімдер). Осы  акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау тәжірибесі бойынша балалардың оқумен толық қамтамасыз етілуін анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған, көп балалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасыларға көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар жоспарға сәйкес мектептегі әрбір отбасымен төмендегідей жұмыстар: сабаққа келмеген оқушыларды күнделікті бақылау, әңгімелесу жұмыстарын жүргізу, үй аралау, ішімдік, нашақорлыққа байланысты сынып сағаттары, сауалнамалар, тесттер, психологиялық тренингтер, рейд жұмысы жүргізіледі. Рейд (үй аралау) жұмысының негізігі мақсаты: оқушылардың үйлерін аралау, олардың отбасы жағдайымен, материалдық әл-ауқатымен танысу, отбасындағы қарым-қатынасты бақылау болып табылады. Рейдке сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог және мектеп инспекторы қатысады. Олар рейд барысында ата-аналарға балалардың тәртібі мен кешкі мезгілде көшеде жүруге тыйым салынатынын, баланың кешкі мезгілде ата-ана қадағалауында болу керектігін, балалардың құқық бұзушылығының алдын алу бойынша түсіндірме, әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді.  

          Қазіргі уақытта мектептегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға жәрдем беру “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” заңға сәйкес жүзеге асырылуда. Аталмыш заңда қарастырылғандай, жан басына шаққандағы орташа табысы мектепте белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жыл бойы аз қамтылған, көпбалалы, бейберекетсіз отбасының оқушыларына әлеуметтік көмек көрсетіліп, тұрмыстық және материалдық жағынан жағдай жасалынады. Әрбір оқушының әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын зерттей отырып, отбасындағы тұрмыс жағдайын, ата-аналардың әлеуметтік статусын анықтау арқылы сыныптың әлеуметтік картасы шығарылды. Жалпы мектебіміз бойынша әлеуметтік педагогтың аз қамтылған, көп балалы, бейберекетсіз және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасылардың оқушыларымен жүргізген жұмысы өз нәтижесін беруде.

          Сөзімді Г.Гмайнердің сөзімен қорытындылай келе «Әрбір бала жылулық пен сыйластық ұялаған және оған қамқор бола алатын отбасында өсуі керек» – демекші, толыққанды, саналы ұрпақты тәрбиелеу әрбіріміздің міндетіміз.

Ж.ӘЗІМБАЙ,

Ж.Ералиев ауылдық округі, Сейфуллин ауылы. С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ әлеуметтік педагогі.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ РӨЛІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған