Тобы: «Балапан» ортаңғы тобы
- Коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: математика негіздері, сурет салу.
Балалар көздерін жұмып, ертегілер еліне саяхатқа барады, құстардың, табиғаттың дауысын естиді. Көздерін ашады.
Саяхатшы Дара: Сәлем балалар! Мен сендердің саяхатшы достарың боламын. Есімім – Дара. Менің сөмкем тым ауыр, іші тапсырмаға толы. Егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, «Ғажайып сәтке» жеткіземін.
Дара сөмкесінен бауырсақтың суретін алып көрсетеді.
- Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкері?
- «Бауырсақ».
- Ендеше, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлеріне қарай барып, суреттерге көз жүгіртейікші. Бұл суреттерден бір кемшілік көріп тұрған жоқсыңдар ма?
- Түлкінің құйрығы боялмапты, – дейді бір байқампаз бала.
- Ия, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бәріміз қолымызға қарындаш алып, суретті толықтырып бояйықшы.
1-тапсырма. Түлкінің боялмаған құйрығын бояу
Балалар жұмысты аяқтаған соң, Дара тағы да сөмкесіне қолын салып, «мейіздің» суретін балаларға көрсетеді.
- Балалар, қараңдаршы, бұл қай ертегідегі зат? Ойланайықшы.
- «Мақта қыз бен мысық»
- Иә, дұрыс. Балалар, мысық сиырға келіп тұр екен. Сиыр не жейді?
- Жапырақ.
- Олай болса сиырға жапырақтарды жегізіп, мысыққа көмектесейік.
2-тапсырма. Сиырға жапырақ жегізу.
- Балалар, мына жатқан қиындыларға қараңдаршы: мұз, ағаш, қоян және түлкі. Бұның бәрі қандай ертегіні жасырып тұр екен?
- «Қоянның үйшігі»
- Дұрыс айтасыңдар. Берілген пішіндерден үйшік құрып, өз егесін үйіне орналастырайық.
3-тапсырма. Төртбұрыш – үйдің қабырғасы. Үшбұрыш – үйдің шатыры. Домалақ – шатырдың іші.
Ағаш үйшік – қоян. Мұз үйшік – түлкі.
Қиындылардан үйшік құрастыру.
Тәрбиеші: – Балалар, ормандағы ағаштар бізге кедергі жасап жатыр. Қане, ағаштарды тынышталдырып, бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті. «Ағаштар»
Жел еседі бетімізге,
Жайқалады ағаштар.
Желге айтамыз тыныш-тыныш,
Биіктесін ағаштар.
Дара: – Балалар, сендер түстерді білесіңдер ме? Ертегі кейіпкерлері түрлі түсті шарларға жабысқан екен. Шарлардың түстері мен кейіпкердің аттарын тауып көрейікші.
4-тапсырма. Шарларға «Бауырсақ» ертегісінің кейіпккерлері жапсырылады. Балалар кейіпкердің аттары мен шарлардың түстерін анықтайды.
Саяхатшы Дара сөмкесінен тағы бір суретті алып балаларға көрсетеді. Ол суретте мысық пен жұмыртқа бейнелеген.
- Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкері еді?
- «Мақта қыз бен мысық»
- Дұрыс айтасыңдар. Қараңдаршы, мысық жұмыртқаларды қолына ұстап «Банкоматтың» жанында тұр екен. Ары қарай не істеу керек екенін білмей тұрған сияқты. Балалар, көмектесеміз бе?
- Иәә.
Балалар Дарамен бірге жұмыртқаларды банкоматқа салып, банкоматтан қыздарға берілетін сағыздарды шығарып алады.
5-тапсырма. Жұмыртқаны банкоматқа салып, сағыздарды мысыққа алып береді.
6-тапсырма. «7 лақ» ертегісін сахналау.
Дара: – Балалар, сөмкем әбден жеңілдеп қалыпты. «Ғажайып сәтке» де жетіп келіппіз. Ертегілер еліндегі саяхатымызда белсенді болғандарыңа рахмет, жарайсыңдар!
Балалар саяхатшы Дараның мадақтауларын естіп, сыйлығын алып, өз топтарына қайта оралады.
Рефлексия.
Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметіне қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау, жігерлендіру сөздерін айтады.
Күтілетін нәтиже: жасайды: ертегі кейіпкерлерін ажырата алады, тәрбиеші нұсқауымен қағаз қиындыларымен жұмыс жасай алады.
Түсінеді: ертегі кейіпкерлеріндегі жабайы жануарлар орманда мекендейді.
Қолданады: тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Зухра БЕКТАСОВА,
МКҚК «Ертөстік» бөбекжай-балабаұшасының кіші топ тәрбиешісі