Аудан прокуроры Айдархан Жорықбайұлы Жүнісбеков Мақталы ауылдық округінде халықпен кездесіп ауылдың жағдайымен, халықтың тыныс тіршілігімен танысты. Кездесуде ауылдық округ әкімдерінің, учаскелік полиция инспекторларының есептері тыңдалды. Бес ауылдық округтегі, оның ішінде Қоғалы елді мекеніндегі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара инфрақұрылымын орнатуға қатысты тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Маханбетов, Жетісай АПБ ЖПҚ басшысы М.Н.Халықов, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Жетісай аудандық филиалының директоры Т.П.Бапаев, , Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Ә.Абишев, Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.С.Әлмеш, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиал басшысы Қ.Рысмаханов қатысты.
Кәсіпкерлер палатасының өкілімен осы кездесу аясында тұрғындарға жаңа кәсіп ашу, мемлекет тарапынан көмектерге қол жеткізу тәртібі айтылды.
Аудан прокурорының орынбасары М.А.Ералиевпен қылмыстық, қылмыстық процестік заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде, үш буынды модуль, полиция, прокуратура, сот өкілеттігінің ара жігі, прокурордың ролі, құзіреті, электронды қылмыстық істер, жаңа қабылданған рақымшылық Заңының талаптарын түсіндірілді.
Сонымен қатар халыққа, ұлтаралық татулық пен келісім Қазақстанның баға жетпес байлығы екені, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылатыны, өзге ұлттар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұл үшін заңнамаларда көзделген жауапкершіліктер, заң үстемдігі;
– заңсыз қаржы пирамидасы, оның ішінде қаржылық ұйымдарға («GoldСоmpany LTD» ЖШС, «Гарант Ломбард 24» ЖШС «ESTATE Ломбард және «Evolution Corporation» ЖШС) инвестициялық салым ретінде ақша салып, кейіннен қайтарып ала алмай алданып жүрген адамдар, ол үшін қарастырылған жауапкершіліктер (ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы, ҚР ҚК-нің 217, 190-баптар);
– «атаулы әлеуметтік көмек (АСП) қайтарымсыз (580 000 теңге) алып беремін»,- деп алдау;
– адамдардың жеке мәліметтерін алдау не ұрлау арқылы атынан жасырын несие рәсімдеу секілді алаяқтық тәсілдері өршіп тұрғаны;
– сондай-ақ, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында, ҚР ҚК-нің 400-бабында әкімшілік, қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;
– көшелерді, трассаларды жауып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделгені;
– ҚР ҚК-не мал ұрлығына арнайы 188-1 бап енгізілгені, үйге, қораға, көлікке кіріп ұрлық жасағаны үшін жазаның ауырлап, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылғаны;
– адам саудасы;
– егістік алқаптарға мал жаю, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабымен 20 АЕК, егер бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені, келтірген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен сот арқылы өндіріп алу тәртібі;
– халықтың жайылымдық жерге қажеттілігін қамтамасыз ету және төрт түлік малдың жайылуына жағдай жасау;
– мақта бағасы, мақтаны өткізу кезінде мақта қабылдау пункттерінің таразыны дұрыс тартпай, кем өлшеуі, бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделгені;
– жол көлік оқиғасы және оның мас күйінде жасау, ол үшін жаза ауырлап 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру және т.б.
Халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан ағын су, коллекторларды тазалау, жолдарға кедергілер мен белгілер орнату, бейне бақылау камераларын орнату, көшелерді жарықтандыру, тыңайтқыштар мен химикаттар алу, субсидиялау тәртібі, тік дренаждардың істен шығуы, жайылымға арналған жер учаскесінің жетіспеуі, медиация, шекарадағы түйіткілді мәселелері және т.б. сұрақтар бойынша жауаптар беріліп, шешу жолдары талқыланды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ