
Жетісай ауданындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Атамекен ауылдық округінде арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара барысында осы ауылдық округтің әкімі Байназаров Нұрғали Айнабекұлы, Атмекен ауылында 2025 жылдың тоғыз айы көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндама жасады. Ауыл басшысының айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, округтегі күріш пен мақта алқаптарында ауқымды еңбек атқарылуда. БАҚ өкілдері округ әкімімен бірге егіс алқаптарын аралап, шаруалардың еңбегімен танысты.
Сонымен қатар, ауылдық округте әлеуметтік нысандардың да қатары артып келеді екен. Атап айтқанда, күріш қабылдау диірмені іске қосылып, екі елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт пен шағын стадион пайдалануға берілгелі тұр. Бұған қоса, жаңа асфальт төсеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, ауыл ішіндегі жолдар заман талабына сай жөнделген.
Дина УТЕБАЕВА,
Жетісай ауданы.