Мақтаарал аудандық » Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мәжіліс залында 2024 жылғы 12 қарашада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаевтың төрағалық етуімен қоғамдықсаяси ахуал мәселелері бойынша құзырлы органдардың қатысуында 2024 жылғы 17 қазанда өткен мәжіліс хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жиынға келген атааналармен кездесу ұйымдастырылды. Жиын ашық диалог форматында өтті.

Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымбекованың 2024 жылғы 5-12 қараша аралығында міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша ата-аналарға жекелей түсіндіру жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобының кестесін бекіткен. Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, Мақтаарал аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.Қанжігітов, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының м.у.а. Қ.Арап, Түркістан облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Д.Ағабеков, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаметінің бас маманы Н.Нұрлыбаев, теолог маман І.Нағысхан, Түркістан облысы білім басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы Ә.Досыбекова, Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы мекемесінің маманы С.Нұржанова, Түркістан облысы дін істер басқармасының ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Е.Өтегенов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиналысқа қатысқан ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасын бекіту туралы» №26 бұйрығының талаптары, мектептің ішкі тәртіп ережесі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы, 15-1 бөлігі «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті»;- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабы, 2-бөлігінің 6) және 7) тармақшалары бойынша «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер: білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті»; Талаптың 2-бөлімі, 21-тармағында «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киіп жүруіне жауап беретіні» – жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап кетерлігі мұндай  кездесулер Мақтаарал ауданының Достық, Жаңажол ауылдық округтерінде де өтті. Осы кездесулерге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің Мақтаарал ауданына жауапты маманы Ә.Болат, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, этнос жастары қатысты.

Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Азаматтылық түсінігі және патриотизм», «Азаматтық бірегейлік діни тұрғыда» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.  Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

ЖИЫН АШЫҚ ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған