Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте – Жетісай ауданында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 112,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артып отыр. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы – 64,2 млрд. теңге, сауда – 28,3 млрд. теңге, өнеркәсіп – 9,9 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібі – 7,1 млрд. теңге, тартылған инвестиция көлемі – 26,2 млрд. теңге және құрылыс көлемі – 9,9 млрд. теңгені құраған айтып өтті.
Аудан басшысы өз сөзінде сондай-ақ. Жетісай ауданында соңғы бес жылда 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанына да тоқталып өтті. Соның нәтижесінде ауданда жаңа жұмыс орындары пайда болары анық.
- «БЕРЕКЕ ҚҰНДЫЗ« СТК «Сүт өңдеу цехы», құны 150,0 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылады.
- «ЛИДЕР» ЖШС «Бастауыш мектеп», құны 500 млн теңге, 38 адам жұмыспен қамтылатын болады.
- «ЕРЖИГИТ» ЖШС «Жалпы мектеп», құны 800 млрд теңге, 45 жаңа жұмыс орны ашылады.
- «БД ЛОГИСТИК» ЖШС «Сауда логистикалық орталығы», құны 1 млрд. теңге, 40 адам жұмыспен қамтылады; Жылдық өнім көлемі 45 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2025 жыл
- ЖК «ТОЛБАСИЕВ» «Сауда саттық орталығы», құны 1 млрд. теңге, 300 жаңа жұмыс орны
- «ТОЛЕГЕН САНАТОРИЯСЫ» ЖШС «Шипай жайдың жаңа ғимараты», құны 300,0 млн теңге, 18 жаңа жұмыс орны.
- ЖК БАЛГАБАЕВА «Сауда кешені», құны 1,4 млрд. теңге, 400 жаңа жұмыс орны
- «TURAN MAQTA» «Мақта өңдеу зауыты» жобасы, құны 600 млн.теңге, 50 адам жұмыспен қамтылады; Жылына 10 000 тонна мақта өндіріп, жылдық өнім көлемі 100 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2025 жыл.
- «МАҚТАЛЫ ЖЕР» Мақта шитін өндіру зауыты, құны 1,5 млрд. теңге, 18 адам жұмыспен қамтылады; Жылдық қуаттылығы 2000 тонна құрап, жылдық өнім көлемі 480 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2025 жыл
- ЖК «ТӨРЕГЕЛДІ» «Темір бетон өнімдерін шығару», құны 450 млн.теңге, 20 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 20 000 дана темір бетон өнімдерін шығарып, жылдық өнім көлемі 140 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2030ж.
- «GOLDEN SUN GROUP » «Тамшылатып суару жабдықтары зауыты» құны 2,7 млрд.теңге, 80 адам жұмыспен қамтылады. Жылдық өнім көлемі 200 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2025ж.
- «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС-і «Тігін фабрикасы», құны 2,5 млрд. теңге, 120 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 500 000 дана текстиль тігіп, жылдық өнім көлемі 200 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2025 ж.
- «PETROLUX» ЖШС «Сүт өнімдерін өндіру зауыты», құны 17 млрд.теңге, 200 адам жұмыспен қамтылады; Жылына 3 000 тонна сүт өнімдерін (ірімшік, қаймақ, айран, сүзбе) өндіріп, жылдық өнім көлемі 1,7 млрд теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «OMAD START KAZAKSTAN» «Тамшылатып суару жабдықтары зауыты» құны 1 млрд.теңге, 25 адам жұмыспен қамтылады. Жылдық өнім көлемі 200 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «UNIGLOBALTRADE» «Өсімдік майын өндіру зауыты» құны 1 млрд.теңге, 50 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 3 000 тонна өсімдік май өндіріп, жылдық өнім көлемі 300 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «САЛТАНАТ» ауыл шаруашылығы техникаларын жабдықтары зауыты. Құны 500 млн.теңге, 30 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 100 мың дана өндіріп, жылдық өнім көлемі 450 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС «Жіп иіру фабрикасы», құны 7,6 млрд.теңге, 400 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 7 500 тонна жіп иіріп, жылдық өнім көлемі 1,8 млрд теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «ALFA ALFA» ЖШС-і «Жоңышқа түйіршіктеу өндірісі». Құны 500 млн.теңге, 28 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 10 мың тонна өңдіріп, жылдық өнім көлемі 250 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
- «МАҚТАЛЫ ЖЕР» Мақта шитін өндіру зауыты, құны 1,5 млрд. теңге, 18 адам жұмыспен қамтылады; Жылдық қуаттылығы 2000 тонна құрап, жылдық өнім көлемі 480 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2027 жыл.
- ЖК «Надиров» «Тері өңдеу зауыты» құны 500 млн. теңге, 18 адам жұмыспен қамтылады; Жылына 100 тонна тері өңдеп, жылдық өнім көлемі 40 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2027ж.
- «ZHEJING JIUSHUN TEXTILЕ» ЖШС «Жіп иіру фабрикасы» құны 9 млрд млн.теңге, 500 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 9 мың тонна өнім өндіріп, жылдық өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрайды.Жүзеге асатын мерзімі 2027ж.
- «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС «Тоқыма фабрикасы», құны 9,0 млрд.теңге, 350 адам жұмыспен қамтылады; Жылына 5000 тонна тоқыма тоқып, жылдық өнім көлемі 2,4 млрд теңгені құрайды. Жүзеге асатынмерзімі 2028 ж.
- «M-ALI» ЖШС-і «Тоқыма фабрикасы» құны 6,0 млрд. теңге, 200 адам жұмыспен қамтылады; Жылдық өнім көлемі 1,8 млрд. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2029 ж.
- ЖК «ТӨРЕГЕЛДІ» «Темір бетон өнімдерін шығару», құны 450 млн.теңге, 20 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 20 000 дана темір бетон өнімдерін шығарып, жылдық өнім көлемі 140 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2030ж.
Бұдан бөлек, аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 959 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүзеге асатын құны 25,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар аясында 1 803 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 47,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба орналасады. Онда 1 862 жаңа жұмыс орнын құрылады», – деді аудан әкімі. Спикердің сөзінше, биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған.
2024 жылы 1,2 гектар жерге жылыжайлардың құрылысы салынып, олардың жалпы көлемі 23 гектарға жеткен. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілген. Сондай-ақ, мақта дақылынан 105 мың тонна өнім алынған. Айта кетейік, бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы «Ауыл аманаты» бағдарламасына еніп отыр. Осы ретте жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған.