Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр.

Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. «Керуен сарай» туристік кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шарада асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.

Осы салтанатты шара барысында 13 даму көрсеткіштері бойынша үздік шығып, қайта өңдеу саласын дамытуда көш бастаған Сайрам ауданы І орынды еншілесе, Қазығұрт ауданы ІІ орынға, Жетісай ауданы ІІІ орынға ие болды.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде даму көрсеткіштерін орындауда алғашқы үштікке енген және негізгі капиталға инвестиция тартуда озат аудан, қала әкімдері облыс әкімінің дипломымен марапатталды.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған