2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, Жетісай ауданы бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші 59,9 пайызға жетті. Бұл туралы «2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында мекеме басшысы О.Қаныбеков мәлімдеді.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылы жалпы 5872 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жылдың алғашқы жеті айында осы меженің 3517-сі орындалып, азаматтар түрлі бағыттар арқылы еңбекке тартылды.

Жұмыспен қамту бағыттары бойынша көрсеткіштер:

  • Қоғамдық жұмыстарға – 1053 адам;
  • «Күміс жас» жобасы – 240 адам;
  • Жастар практикасы – 216 адам;
  • Мемлекеттік грант иегерлері – 75 адам;
  • «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқыту – 283 адам;
  • Онлайн оқуға жолданғандар – 350 адам;
  • Мүгедектігі бар азаматтар – 20 адам;
  • Пробация есебінде тұрғандар – 6 адам.

Сондай-ақ, мекеме басшысы О.Қаныбеков, аудан көлемінде  жұмыссыздық деңгейін азайту және халықтың табысын арттыру мақсатында қабылданған шаралар кезең-кезеңімен жалғасып жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткішті толық орындау үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікке оқыту және мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстар жүзеге асатынын мәлімдеді.

Дина УТЕБАЕВА, Жетісай ауданы.  

ЖЕТІ АЙДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 59,9 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған