Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беру – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Баланың білімге деген алғашқы қызығушылығы дәл осы кезеңде қалыптасатыны белгілі.Сондықтан әрбір сабақ қызықты, түсінікті әрі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылуы тиіс.Осы мақсатта мен өз тәжірибемде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ашық сабақ өткіздім.

Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету және цифрлық сауаттылықтарын дамыту болды.Бастауыш сынып оқушылары үшін ойын элементтері мен көрнекілік өте маңызды болғандықтан, сабақ барысында жасанды интеллект негізінде құрылған интерактивті тапсырмалар кеңінен қолданылды.

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қызықты сұрақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар ұсынылды.Жасанды интеллект көмегімен дайындалған визуалды материалдар мен қысқа тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың белсенді қатысуына ықпал етті.

Негізгі бөлімде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жеңілден күрделіге қарай құрылған тапсырмалар берілді.Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес жұмыс жасап, тапсырмаларды орындау барысында жасанды интеллект арқылы жедел кері байланыс алып отырды.Бұл олардың қателерін дер кезінде түзетуіне және өз білімдерін нығайтуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сабақта шығармашылық жұмыстарға да ерекше мән берілді.Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырып, қысқа мәтіндер жазды.Жасанды интеллект құралдары олардың жұмыстарын толықтыруға, жаңа идеялар қосуға көмектесті.Мұндай тапсырмалар балалардың қиялын дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Сабақтың қорытынды кезеңінде оқушылар рефлексия жасап, өз ойларымен бөлісті.Көпшілігі сабақтың ерекше өткенін, тапсырмалардың қызықты болғанын айтып, жаңа технологиялар арқылы оқу өздеріне ұнағанын жеткізді.

Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллектті қолдану – олардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, заманауи дағдыларды меңгеруіне жол ашады. Мұғалім ретінде мен әр сабағымды осындай жаңашыл әдістермен толықтырып, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосуды жалғастыра беремін

Мамырова Жанар Сапаровна,

Мақтаарал ауданы №59 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.

ЖАСАНДЫ  ИНТЕЛЛЕКТ – БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ТИІМДІ ОҚУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған