
Жаратылыстану пәні білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға толықтай негізделген пән екендігі айқын. Әсіресе, бұл пән баланың өздігінен ізденіп ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізуде ойлау қабілетінің дамуына ықпалы күшті. «Жаратылыстану» пәнінің негізгі мазмұны оқушылар білімді өздігінен түсіне біледі, тапсырмаларды өзінің тарапынан өндіре алады, ережелер жүйесін түсінеді, қабылдайды, ары қарай дамытады. Мен «жаратылыстану» пәнінің оқытушысы ретінде өз сабағымда білім алушыларды үнемі өздігінен ізденуге, зерттеуге талпындырып отырамын. Осындай үдерістердің нәтижесінде шәкірттерімнің Жаратылыстану пәніне деген қызығушылықтары артып жүр. «Ғарыш» тақырыбын өткен кезде оқушылар осы тақырыпты шынайы сезінуі үшін ғарыш әлемінде жүргендей болсын деп сыныбымды безендірдім. Оқушыларды «Зерттеушілер», «Мүсіншілер», «Құрастырушылар», «Суретшілер» деп төрт топқа біріктіре отырып сабақ өттік. Сабақ барысында зерттеу, лабораториялық жұмыстар жүргізілді. Тиімді әдіс тәсілдер бойынша «Фишбоун» әдісін, «Кэррол» диаграммасын қолдандым. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда қазіргі таңда мықты тәсілдің бірі «Жасанды интеллект» платформасын қолдандым. «Word wall» платформасының тиімділігімен оқушылар түрлі сөзжұмбақтарды шешіп, тапсырмаларды орындады.
Жаратылыстану пәнінің басты ерекшелігі оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы мәселелерді шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Пәнге негізделген оқу мақсаттары мен критериилері нәтижемен толықтай ұштасқан. Жаратылыстану пәнін оқытуда білім алушылардың әлем жайлы ой өрісі кеңейеді, ғылымды түсінеді, қоршаған ортаны тұтастай қабылдауы қалыптасады, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу дағдылары қалыптасады. Қытай философы Конфуций «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін» деген қағидасын осы Жаратылыстану пәнін оқытуда қолдану өте тиімді екендігіне көз жеткізіп жүрміз. Пәнде берілген тапсырмалар айдары оқушыны сыни тұрғыдан ойлана отырып ізденіп, зерттеп, тапсырмаларды орындауға және жаңа ақпарат алуға бағытталған.
Ойымды қорытындылай келе Жаратылыстану пәнін оқыту арылы шәкірттерімнің ғылыми шығармашылық қабілетін дамытуда өз үлесімді қосып, пәнге деген қызығушылығын арттырып жүргенім қоғамның дамуына қосқан үлесім деп ойлаймын.
С.ХОДЖАНОВ,
№ 44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ Жаратылыстану пәнінің мұғалімі .