Түркістан облысының полицейлері заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады. Жетісай ауданы аумағындағы тоғайлық алқаптар мен өзен-суларда заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер Үтіртөбе ауылына қарасты Шардара су қоймасы маңында жергілікті тұрғынның заңсыз түрде шанышқы (астрага) пайдалана отырып, балық аулап отырғанын анықтады. Ұсталған жас жігіттен айғақты зат ретінде резеңке қайық, 3 метрлі шанышқы (астрага) және 50 данадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Балықтардың жалпы салмағы 93 келіні құрады.
  Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» тіркеліп, СДТТБТ-не қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын Жетісай АПБ-не жеткізілді. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулап, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеліп соғатынын ескертеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған