Қазір біз пайдаланып отырған отандық электр станцияларының 70-пайызға жуығы көмірмен жұмыс істеп тұр. Өкінішке орай, оның жаңасын салу жобасын қаржыландыруға ешкім келіспейді, бұл айдан анық. Оған негіз – әлем елдері қазіргі таңда «жасыд экономикаға» ерекше ден қойған.

Бүгінде Еуропа елдері, керек десеңіз, Қытайдың өзі мұндай тиімсіз жобалардан ат-тонын ала қашады. Себебі, Қазақстандағы көмір электр станциялары түгелге жуық өткен ғасырдың 40-50-жылдарында салынған, әбден титықтап тұрған гиганттар – шығыны көп, тиімділігі өте аз. Сол себепті де, атом электр станциясының құрылысын салу Қазақстан үшін өте тиімді жоба болғалы тұр.

Әлемдік тәжірибеде АЭС құрылысы өте күрделі болып саналады. Бұл жерде ең басты мәселе – қауіпсіздікке байланысты, бұл тек Қазақстанның құзырындағы шаруа емес. Мұндай күрделі құрылыстың салыну барысын халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік – МАГАТЭ дүние жүзіндегі ең мықты атом мамандары жұмыс істейтін өзінің салалық комитеті арқылы жан-жақты әрі мұқият қадағалап отырады. Олардың қоятын талаптары да қатал. Құрылыс аяқталғаннан кейін де олардың қадағалайтын критерийлері бар. Сол себепті АЭС құрылысына қатысы мәселеде орынсыз алаңдауға негіз деп ойлаймын.

Әлінұр ТОЙШЫБЕК,

Жетісай ауданы.

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА ДЕН ҚОЙҒАН ДҰРЫС

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған