Баяндама мақсаты мінденттері:

- Ырғақ би арқылы салауатты өмір салтын ұстану
- Ырғақтық жаттығулар көмегімен балалардың қимыл белсенділігін арттыру
- Берілген жаттығуларды дұрыс орындай білуге үйрету.
Кіріспе:
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененіңжәне аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және олардысинхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Омыртқа жанындағы бұлшық еттің әлсіздігі омыртқаның қисайуына, омыртқаның аралары жабысып қалуына қатты әсер етеді, ондай жағдай болса жүрек жұмысына және тыныс алу,ас қорыту жолдарына кері әсерін тигізеді. Міне не үшін омыртқаны түзу және жақсы сақтау қажет.
Біз қазір омыртқа жанындағы бұлшық еттерді шынықтыру жолын қарастырдық ал енді астыңғы жақтағы жаттығулар Омыртқаның өзін түзулеуге арналған.
Баяндама барысы:
Би — бұл өнер. Би музыкамен тығыз байланысты. Дененің иілгіштігі жане ретімен қимылға ауысуы бидің негізгі көрінісі болып табылады.Оң нәтиже алу үшін би терапияда дұрыс бағыт таңдай білу қажет.

Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»-деп
Әл -Фараби бабамыз айтып кеткендей балалардың денсаулығы мықты болу үшін бимен айналысу керек. Сондықтан мектеп жасындағы балаларға ырғақ биін үйрету мен баулу маңызды.
Ырғақ биін оқушыларға үйретерде де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек. Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.
Ырғақты би – бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді.
Бимен айналысу арқа, іш және аяқ бұлшық еттерін нығайтады әрі бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айналымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақсартады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін арттырып, дене бітімін жетілдіруге, тыныс алу жүйесін жаттықтыруға көмектеседі.
Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.
Өйткені қазіргі кезде адам баласында көп қозғалыс жоқ. Қозғалыс болмаса қан айналыс болмайтынын біле тұра мән бермейміз. Қан айналым жоқ болса көптеген ауруларға бой алдырамыз.
Қазіргі заманда, яғни технологияның дамыған заманында орнымызда қозғалмай жұмыс жасау мүмкіндігі мол. Бірақ оның да пайдасыз жақтары бар екені бәрімізге мәлім. Себебі мектеп жасындағы балалардың арасында омыртқаның қисаюы, жалпақтабандылық, балалардың қозғалысқа ынтасының жоғалуы,артық салмақтылық т.б. сияқты аурулар көптеп кездесуде. Сондықтанда мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында мектеп,мектептен тыс мекемелердегі би бөлімдерінде ырғақты би сабақтары өскелең ағзаның толық дұрыс дамуына көп ықпал тигізетіні анық.
Яғни, музыкалық ырғақты сабақтар әсемдік пен қатар балалың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.
Музыкалықырғақтық іс-әрекет ырғақ сабақ жұмысының мазмұныболады да, оның нәтижесінде оқушылар музыкаға қосылып, қозғалысарқылы өзін, яғни «мен» дегенді көрсетеді. Күрделі емес музыкалықформаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру,би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалысдағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуғакөмектеседі.Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпынакелтірудің жақсы құралы болып келеді.Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әр түрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі.
1.«Іздер» – қолды белге қойып ізбен жүру .
2.«Би» – орамалмен айналып билеу.
3.«Аққұтан» – бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген екінші аяқты ұстау .
4.«Биші әйел» – қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.
5.«Паровоз» – сызық бойымен бір – біріне қарсы жүру, сызық ортасына келгенде тарап кету.
6.«Қарлығаш» -екі қолды екі қапталға жайып, бір аяқты артқа созып қарлығашты бейнелеу.
7.«Достар» – жұптасып айналу Қимыл- қозғалыстарын меңгерте отырып , сонымен бірге оқушылар қолдың, бастың, дененің және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуі керек және оларды синхронды орындауға тырысуы керек. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:
Аэробика – бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар. Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі. Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу. Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді. Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесе
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі. Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Бұл жаттығулар ішінен мен өз сабақтарымда аэробика, степ, ішпен билеу жаттығуларын үнемі пайдаланып отырамын. Және де аэробикалық қимылдарды біріктіре отырып спорттық би қойып, оны оқушыларға меңгертудемін.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара – пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері – салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
№1 «Жетісай балалар өнер мектебі»
МКҚК хореография бөлімінің меңгерушісі
Нағалиева Кулаш Айтбаевна