«Нұрлы болашақ» балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиеленушілеріне ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақтың басты мақсаты – бүлдіршіндердің бойына халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметті қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру және отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Сабақ барысында балаларға қазақ халқының ұлттық бұйымдары, киімдері мен тағамдары таныстырылды. Көрнекіліктер арқылы домбыра, киіз үй, ою-өрнектердің мағынасы түсіндіріліп, олардың тұрмыстағы орны туралы әңгіме жүргізілді. Балалар ұлттық киім үлгілерін тамашалап, олардың әсемдігі мен ерекшеліктерін атап өтті.

Танымдық бөлімде тәрбиеленушілермен бірге «Қара жорға» биінің қарапайым қимылдары үйретіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. «Арқан тарту», «Асық ату» сияқты ойын элементтері балалардың ептілігі мен бірлігін арттырып, қызығушылықтарын оятты. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер айтып, олардың мағынасын түсіндіру арқылы балалардың тіл байлығы дамытылды.

Сабақтың қорытынды бөлімінде балалар ұлттық құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісіп, туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Ашық сабақ барысында бүлдіршіндердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – жас ұрпақтың рухани бай, елін сүйетін азамат болып қалыптасуына негіз болады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.Ұлттыққұндылықтардыдәріптеу – жасұрпақтыңрухани бай, елінсүйетіназаматболыпқалыптасуынанегізболады. Осындайтәрбиелікмәнізоршараларалдағыуақытта да өзжалғасынтабады.

Турабоева Ферузабону Абдушакирқизи,

«Нұрлы болашақ» балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиешісі.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған