Жуырда «Әлжан ана» бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ашық ұйымдастырылған іс әрекет өтілді.

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік сана-сезімін арттыру, сондай-ақ ұлттық өрнектер арқылы ата-баба өнеріне деген қызығушылығын ояту.
Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы «Ұлттық ою-өрнектер» Қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнектерінің мағынасы, тарихы мен қолдану ерекшеліктері жайлы балаларға түсінікті тілде әңгіме жүргізіліп, олардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру көзделді. Балалар әр оюдың өзіндік мәнін танып, «қошқармүйіз», «құсқанаты», «түйетабан» секілді өрнектердің қандай ойды білдіретінін қызығушылықпен тыңдады.
Іс- әрекет барысында тәрбиеленушілерге ою құрастыру, түстерді үйлестіру және өз қиялымен өрнек бейнесін жасау тапсырмалары ұсынылып, балалардың шығармашылық қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамытуға жағдай жасалды. Топ тәрбиеленушілері белсенділік танытып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Аталған шара балалардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық секілді қасиеттерді бойына сіңіруге мүмкіндік берді.
«Әлжан ана» бөбекжай-бақшасы алдағы уақытта да бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Сулушаш ТАСБУЛАТОВА,
«Әлжан ана» бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі.
