Біздің «Қаламқас әже» бөбекжай балабақшасында «Ұлан байтақ қазақ елім» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты – балаларға қазақ халқының тарихын, жерлерін түсіндіру, елімізді сүюге тәрбиелеу, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру және мемлекеттік рәміздерді таныстыру болды.

Сабақ Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Балалар шаттық шеңберіне тұрғызылады да, арнайы тақпақ арқылы көңілдерін көтерді:
Кіріспе әңгімеде мен балаларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндірдім, Қазақстанның алғашқы және қазіргі елбасыларын атадым. Сондай-ақ, балалар еліміздің тәуелсіз, мемлекеттік тілдің қазақ тілі екенін білді. Қысқаша видео ролик көрсету арқылы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні туралы ақпарат берілді.
Сабақтың келесі бөлігінде балалар мемлекеттік рәміздермен танысты. Ту, Елтаңба және Әнұран бейнелері суреттер арқылы көрсетіліп, олардың мағынасы түсіндірілді. Балалар белсенді түрде қатысып, әр рәміздің ерекшеліктерін атады.
Сергіту сәтінде «Көк тудың желбірегені» әні ойналып, балалар қыранша қанат қағып, күнге қарап қолдарын көтеріп, желмен тербелген ту сияқты қозғалды.
«Рәмізді тап» ойынында балалар үш сурет – Ту, Елтаңба, Әнұран логотиптері арасынан дұрыс рәмізді тапты.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар «Менің Туым» тақырыбында өздерінің туын жасады. Көк қағаз, күн мен қыранның ұсақ бөліктерін қолдану арқылы балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ту, елтаңба және елорда суреттерін біріктіріп, қималды жұмыс жасады.
Сабақ соңында балалармен бірге не үйренгендерін қорытындылап, Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерді атап өтті. Жақсы қатысқан балаларға жұлдызшалар беріліп, олардың ынтасы мен белсенділігі бағаланды.
Осы сабақ арқылы балалар елін сүюге, рәміздерін қадірлеуге және Қазақстанның тәуелсіздігі туралы түсінік алуға мүмкіндік алды.
Зарифа ЖУМАЕВА,
«ҚАЛАМҚАС ӘЖЕ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
