Үй жануарлары – адам өмірімен етене байланысты, тұрмыс-тіршілікте маңызы зор тіршілік иелері. Олар адамды еңбекке баулып, жауапкершілікке тәрбиелейді, сондай-ақ табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйретеді. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру – тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі.

Осы мақсатта “Анар-Мадияр” бөбекжай-балабақшасында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық-тағылымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе секілді үй жануарларының атауларын атап, олардың адам өміріндегі пайдасы жайлы мағлұмат алды.

Іс-шара барысында үй жануарларының беретін өнімдері – сүт, ет, жүн және олардың тұрмыстағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, жануарларды күтіп-баптау, оларға мейірімділікпен қарау, қорғау қажеттігі айтылды. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында көрнекі құралдар қолданылып, ойын түрінде сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді.

Сабақ барысында жануарларға қамқорлық жасау – адамгершіліктің белгісі екені ерекше назарға алынды. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, үй жануарлары туралы білетін мәліметтерімен бөлісті.

Мұндай танымдық сабақтар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

 Ыбрайханова Зухра Қалдарханқызы,

“Анар-Мадияр” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ  – АДАМНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған