Түркістан облысында мұғалімдер мен полция өкілдері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала бастады. Ол үшін аймаққа «Спутник V» вакцинасының 10 мыңға жуық дозасы жеткізілді. Ерікті түрде екпе жасатуды жөн көрген ұстаздар мен полиция қызметкерлерін алдымен дәрігерлер тексереді. Сондықтан егу жасату алдында азаматтар сырқаттан дін аман болуы міндетті. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында 500-ге жуық педагог пен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырған.
   Еске салайық, елде коронавирусқа қарсы егу науқаны 1 ақпанда басталды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 6 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді. Наурыз айының ортасында облысқа тағы 8600 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Вакцинация ерікті және 18 жастан 60 жасқа дейінгі жас санатына арналған.
   Бірінші кезекте екпені дәрігерлер, педагогтар, полиция қызметкерлері сала алады. Естеріңізге сала кетейік, өңірде КВИ-ға қарсы вакцинация жыл соңына дейін жалғасады. Бұл халықтың 45-50% -ын қамтиды. Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГТАР МЕН ПОЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ВАКЦИНА САЛДЫРА БАСТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған