Мақтаарал ауданында 28-30 қыркүйек күндері аралығында табиғи және техногендік төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті. Шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, объектілердің іс-әрекеттерін пысықтау болды.
    3 күн бойы өткен кешенді оқу-жаттығу жиындарына Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық аумақтық қорғау қызметінің өкілдері арнайы келіп бақылау жасады.
  Бірінші күні ауданда өтетін кешенді оқу-жаттығу бойынша ұйымдастырушылық шараларымен таныстырылды. Нақты міндеттер белгіленді. Ауданда практикалық түрде көрсетілетін іс-шаралардың дайындығын пысықтау, әдістемелік көмек көрсету, төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі, эвакуация комиссияларының ұйымдастырушылық құжаттары, аумақтық қорғаныс қызметтерінің, нысандардың және білім беру мекемелерінің азаматтық қорғау саласындағы жоспарлау құжаттарына талдау жасалды. Сондай-ақ, командалық-штабтық оқу-жаттығу бойынша ауданның аумақтық қорғаныс бастығына мәліметтер жиналып, оны жеткізу бойынша жауынгерлік есептің жұмысы тыңдалды.
    Екінші күні Мақтаарал ауданының басқару органдарына «Жер сілкінісі қауіпі» дабылы жеткізілді. Осылайша төтенше жағдай туралы халыққа хабарланды. Ауданның полиция бөлімінің, аудандық №20 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының дабыл сөмкелері тексерілді. Төтенше жағдайлар бойынша комиссия құрамы жиналып, міндеттері белгіленді. «Жер сілкінісі» дабылы бойынша жалпы аудандық сейсмикалық жаттығу өткізілді. ТЖК төрағасының жылжымалы басқару бекеті, аудандық шұғыл ден қою жасағы дайындыққа келтіріліп, көп қабатты ғимараттарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
   Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметшілері мен тұрғындары қатыстырылып, орман дала өрттерін сөндіруге арналған ерікті өрт сөндіру жасақтары да дайындыққа келірілді. Сонымен қатар, су тасу қаупі бар учаскелерде алдын алу іс-шаралары практикалық түрде көрсетілді. Қауіпті өндірістік мекемелерде апат орын алғанда немесе басқа да төтенше жағдай орын алған жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлердің және жақын аумақта тұратын халықтың нақты іс-әрекеті, эвакуациялық жинау бекеттерінің жұмысы, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру бекеттерінің жұмысы оқу-жаттығу жиыны барысында көрсетілді.
  Үшінші күні қауіп төнген жағдайда орталық аурухананың эвакуациялық іс-шаралары, оның ішінде науқастарды, дәрі-дәрмектерді, қажетті құрал-жабдықтарды қауіпсіз аймаққа көшіру бойынша іс-әрекеті ұйымдастырылды. Уландырғыш заттармен бактериялық құралдарға сынаптарды анықтау, радиациялық-химиялық бақылау постын жою, аса қауіпті жұқпалы індеттер, аурулар орын алған жағдайдағы іс-қимылдары көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің, шаруашылық нысандарында орын алған төтенше жағдай, құтқару дәне басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстарды жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалды.
    Айта кетейік, кешенді оқу-жаттығу жиындарын қорытындылау барысында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық аумақтық қорғау қызметінің өкілдері тарапынан төтенше жағдайлар кезіндегі Мақтаарал ауданының басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, объектілердің іс-әрекеттеріне «ЖОҒАРЫ» деген баға берілді.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған