Қазақ халқының болашағы –тілін құрметтеп ,кәсібін сүйетін, еліне адал қызмет ететін жас ұрпақтың қолында. Тіл мен кәсіп –егіз ұғым .

Себебі тіл –ұлттың тірегі болса ,кәсіп –елдің экономикалық дамуының негізі. Осы екі құндылықты қатар ұстаған ұрпақ қана елді биікке жетелей алады .Тіл ұлттың айнасы ,оның тарихы мен мәдениетінің айғағы. Ана тілін жетік меңгерген адам өз халқының болмысын , дүниетанымын терең түсінеді .
Ал кәсіби білім –қазіргі заман талабы. Бүгінгі жаhандану дәуірінде тіл мен кәсібилік уйлесімі –ел дамуының негізгі шарттарының бірі. Тіл-рухани бірлік пен мәдени тұтастықтың белгісі.
Осыған орай №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектепте 5.09-18.09 аралығында қазақ, орыс, ағылшын пәні бірлестіктері уйымдастыруымен он күндік аталып өтілді.Онкүндіктің мақсаты: мемлекеттік тілдің қоғамдағы , әсіресе жас ұрпақтың кәсіби қалыптасуындағы маңызын ашу, сонымен қатар жастарды ана тілді құрметтеуге, оны кәсіби салада еркін қолдануға шақыру және тіл арқылы елдің дамуына үлес қосуға бағыттау. «Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ –ел тірегі» атты онкүндікте дөңгелек үстел, семинар –практикум, тәжірбелік семинар , байқаулар, кітап көрмесі өткізілді.
9-сынып оқушылары осы онкүндікте «Заманауи технологияның ЖИ әдістерін сабақта тиімді пайдалану» тақырыпта дөңгелек үстел өткізіп, өз ойларын ортаға салды. «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» эссе жазу байқауында эссе жазылды, «Тілім – тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысында үш тілде өз өнерлерін көрсете білді. «Кәсіби білімді ұрпақ – елдің болашағы» пән мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанда түрлі сала мамандарының кәсіби біліктілігімен қатар,мемлекеттік тілді меңгеру маңызды талапқа айналып отыр. Сондықтан кәсіби ортада қазақ тілінің қолданысын арттыру-ел дамуының кепілі .Қорыта айтқанда, тілге құрмет –ұлтқа құрмет, ал кәсібилік –ел дамуының тірегі. Осы екі қасиетті ұштастырған ұрпақ қана тәуелсіз елдің болашағын жарқын ете алады.
А.ТУРЕКУЛОВА,
№44” Жаңа дала” ЖББМ КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
