Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу үдерісі тек білім мен дағдыларды қалыптастырумен шектелмей, әрбір тәрбиеленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де басты міндет ретінде қарастырады. Балалардың денсаулығы мен амандығы – біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы.

Балабақшада қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында күнделікті бақылау, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, топ бөлмелерінің желдетілуі, ойын алаңдарының жарақтандырылуы және қауіпті жағдайлардың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Сонымен қатар, тәрбиешілер мен қызметкерлерге төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі нұсқаулықтар өткізіледі.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналармен байланыс та маңызды рөл атқарады. Осы бағытта біз ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, баланың балабақшадағы және отбасындағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру бойынша бірлесе жұмыс атқарамыз.
Қауіпсіздік – жауапкершілікті талап ететін ортақ іс. Сондықтан да біз әрбір тәрбиеленушінің жайлы, қауіпсіз және жылы ортада тәрбиеленуіне бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Толкын КЕНЖЕБЕКОВА,
«Ертөстік» бөбекжай бақшасының меңгерушісі.
