МҚКҚ «Қуаныш» бөбекжай-бақшасында тәрбие-білім беру процесінің негізгі басымдығы – тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, олар үшін қауіпсіз, қолайлы, дамуға бағытталған орта қалыптастыру. Балалардың қауіпсіздігі – біздің мекеменің басты міндеттерінің бірі және күнделікті жұмыстың маңызды бағыты болып табылады.

Бөбекжай-бақшада қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында арнайы жоспар негізінде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Топ бөлмелерінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, ойын және оқу ортасының қауіпсіздігі, құрал-жабдықтардың жарамдылығы тұрақты бақылауда ұсталады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы мен эвакуациялық дайындық жаттығулары да жоспарлы түрде өткізіледі.

Педагогтар мен техникалық қызметкерлер қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтан өтіп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарады. Әр қызметкер балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ерекше назар аударады.

Ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау да қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар беріледі.

Біздің басты мақсатымыз – тәрбиеленушілердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың жан-жақты тұлғалық дамуына барлық жағдай жасау.

Айгерім НИСАНБАЕВА,

МҚКҚ «Қуаныш» бөбекжай-бақшасы меңгерушісі м.у.а

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған