Қолөнер – адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қоғамның дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.  “Шебердің қолы ортақ” деген нақыл сөз ежелден бері шеберліктің, еңбекқорлықпен шығармашылықтың маңыздылығын айғақтап, қолөнер саласының қоғамдағы орнын айқындап берді.   

  Қазіргі жаһандану дәуірінде қолөнердің рөлі тек мәдени мұра ретінде ғана емес, сонымен қатар экономиканың маңызды саласы ретінде де өзекті болып отыр. Бұл сала көптеген өңірлерде жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы дамытуға және ұлттық мәдениетті сақтауға мүмкіндік береді.

  Осы сөзімізідің айғағы ретінде мектебімізде, дәлірек айтқанда, №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өнер әлемінде биікке самғаған өнерпаздардың өнерін қолдау мақсатында мектебіміздің ұстаздары өз шеберліктерін ортаға салып демеушілік танытуда.

  Мектебіміздің жанынан құрылған «Ақмаржан» бишілер тобы «ХАН ТВ» ұйымдастырған конкурстың бас жүлдегері атанып, облыстық байқауға жолдаманы иеленген болатын. Ұстаздарымыз облыстық деңгейде өнер көрсеткелі отырған жас өнерпаздарымызды ұлттық киім үлгілерімен қамтуда ауызбіршілік танытып өз өнерлерімен ұлттық киімдерді тігуге кірісіп кетті. Бұл әрекет ата-аналар үшін үлкен демеушілік.

  Бұл әрине, осындай нарық заманында әрбір отбасына ұстаздардың қосқан үлесі. Білім беру ісімен таласа жүріп осындай шеберліктерімен де мектебіміздің жарқын жағын көрсетуде ұстаздарымыздың үлесі зор. Ұстаз-білім әлеміне бағыттаушы, тәрбие саласының мықты көшбасшысы, ұстаз- ана, ұстаз-қолынан өнері тамған шебер де бола алатынын бүгінгі мектебімізде атқарылып жатқан шаралар дәлелдеп отыр. «Қазақ даласының қоңырауы» атанған Ы.Алтынсарин «Мұғалім-мектептің жүрегі» дегеніндей мектебіміздің тек биіктен көрінуінде әрдайым алда болуына қосқан үлестеріңіз,еткен еңбектеріңіз жемісті де жеңісті болсын,ұстаздар!

Г.ДУЙСЕНОВА,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ ДОІЖО.

“Шебердің қолы ортақ”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған