Жетісай ауданының білім саласында тағы бір қуанышты жаңалық орын алды. Жылы су ауылындағы М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Алайдар Ұлдана аудандық деңгейде өткен «Қожановтану» білім сайысында үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қыркүйек күні өткен аталмыш сайыс жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін тереңірек тануға бағытталған болатын. Осындай жауапты сынға қатысқан Ұлдана өз білімі мен ізденісінің арқасында өзгелерден оза шауып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жеңімпаз оқушыға Шымкент қаласындағы Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде білім алуға 100 пайыздық грант табысталды. Бұл жетістік – жас талапкер үшін үлкен мүмкіндік қана емес, ауыл мектебі мен аудан абыройын асқақтатқан айтулы оқиға.

Оқушының табысына бағыт-бағдар беріп, сапалы дайындық жүргізген пән мұғалімі – Молдаханов Қалдаулет. Ұстазының еңбегі мен шәкіртінің табандылығының арқасында қол жеткізілген бұл жеңіс өзге оқушыларға да үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Шәкіртіміздің осындай жетістігі – білімге деген құштарлық пен еңбектің жемісі екенін тағы бір мәрте берді .

Болат СЕРАЛИЕВ,

М.Шоқай атындағы №26жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

ШӘКІРТІМІЗ «ҚОЖАНОВТАНУ» САЙЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған