
ХХІ ғасыр – сапа мен бәсеке заманы. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін жасөспірімдердің сапалы біліммен нәрленуіне барынша көңіл бөлуіміз керек. М.О.Әуезов айтқанындай «Ел мен елді,адам мен адамды теңестіретін білім» деген қағиданың дәл осы кезеңде анық дәлелденгеіне көз жеткіздік. Осы қағиданы өзімнің ұстаздық бағытымның бағдаршамы ете отырып, алдымда отырған білім алушыларыма жаңартылған білім бағдарламасы негізінде, геймификация технологиясының «жасанды интеллект» платформаларын өз сабағымда тиімді қолдана отырып пәнге деген қызығушылығын арттырып жүрмін. Осы мақсатта өткен бір сабағыммен бөліскелі отырмын. 4-сыныпта Әдебиеттік оқу пәнінен «Оқыған жетер мұратқа» тақырыбында өткен ашық сабағымда оқу мақсаты: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау болды.
Оқу мақсатына жету үшін жаңа технологиялық әдістер, атап айтқанда : «Бәйге», «Тұлғалар сөйлейді», «Шаңырақ» әдістері оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойларын ортада еркін айтуға тиімді болды. Сабақ барысында қолданылған «WORDWALL» платформасының түрлі тапсырмалары кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалауда және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда ықпалы күшті болды. Жасанды интеллект платформасын қолдана отырып М.Жұмабаев, С.Торайғыров сынды ұлы тұлғаларымызды сөйлетіп айтқан өсиеттерін өз аузынан естігендей сезімде қабылдап, оқушыларымыз сабақты жақсы көңіл күймен өткізді.

Заман талабына сай сапалы білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Заманның ағымына сай талпына алсақ көш соңында қалмаймыз. Абай атамыздың айтқанындай «Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қәріп» демекші дамыған елдермен тең, бәсекеге қабілетті болуға талпына отырып, жастарға білім бағдаршамын дұрыс көрсете білейік.
Н.ИСМАТОВА,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ бастауыш сынып мұғалімі.