Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы бүгінде Мақтаарал ауданында да белсенді түрде жүзеге асып жатыр.

Осы тазалық акциясы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу комитетінің 2024 жылғы 10 шілдедегі хатына сәйкес, ауданымызда Сырдария көпірі (Жаңа көпір) мен Азаттық елдімекені аралығындағы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының (10 шақырым) бойында сенбілік тазалық іс-шарасы болып өтті.

Аталған сенбілік жұмысына жалпы саны 500-ге жуық мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер қатысып, 3 дана техника тартылып, 8 тоннаға жуық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Бұдан бөлек барлық кенттер мен ауылдық округтерде өткен сенбілік жұмыстары барысында 800 жуық ауыл тұрғындары мен ақылы қоғамдық жұмысшылар тазалық шарасына атсалысты. Кенттер мен ауылдық округтердегі каналдар мен арықтар, көше бойлары тазаланып, 13 дана техника тартылып, 18 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Негізінен алғанда ауданымызға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Бұл жоспар бойынша сенбілік жұмыстары өтіп жатқан елдімекендерде ауыл тұрғындары белсенділіктерімен көзге түсуде. Бірлік ауылдық округіне қарасты Өркениет елдімекенінде – округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық іс-шарасына мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары мен тұрғындар (200-ден аса адам) біргелікті атсалысты. Осы тазалық жұмыстары барысында жалпы алғанда 2 тоннаға жуық тұоді күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды.

Ал Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі  Қарақыр елдімекенінде өткен сенбілік жұмыстарында  барлығы 700-ден аса адам қатысты. Елдімекен тұрғындары осы тазалық жұмыстары барысында 4 тонна күл-қоқыс шығарып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан тазартты. Тазалық шарасы барысында сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары да жүргізілді.

Атап кетерлігі мұндай тазалық жұмыстары жоғарыда атап көрсетілгендей, аудан ымыздың барлық елдімекендерінде өтіп жатыр.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ