25 қазан-халқымыз үшін айрықша мәнге ие тарихи күн. Бұл күн – мемлекетіміздің дербес даму жолындағы маңызды белес, елдігіміз бен егемендігіміздің айғағы. Республика күні – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік пен дербестікке қол жеткізген сәтін еске салатын, ұлттық рухты асқақтататын мереке.

  Бұл күн – елдің тұтастығы мен бірлігінің, мемлекеттің тәуелсіздігін құрметтеп, қастерлеудің символы. Республика күні – әрбір азаматтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел тағдырына деген жауапкершілікті қалыптастыратын мереке.

  Осы орайда №64 «Мақталы» жалпы білім беретін мектеп ұжымы да Республика күнін ерекше құрметпен қарсы алып отыр. Мектеп қабырғасында мерекеге арналған түрлі тәрбиелік іс-шаралар, ашық сабақтар, көрмелер және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барлығының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін қалыптастырып, туған ел тарихына деген құрметті арттыру.

 Мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысқан «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағаттарында оқушылар еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалармен танысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызы туралы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар арасында «Менің Қазақстаным» атты шығармалар мен сурет байқаулары өткізіліп, олардың шығармашылық қабілеттері мен патриоттық сезімдері айқын көрініс тапты.

  Республика күнінің жас буын үшін тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. «Мереке-жас ұрпақтың бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дарытудың тамаша мүмкіндігі.

Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы №64 «Мақталы» мектебі өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ел тәуелсіздігін қастерлеуге, өз елінің азаматы ретінде мақтаныш сезімін ұялатып, болашаққа сеніммен қадам басуға тәрбиелеуде.

Қорыта айтқанда, Республика күні – өткен тарихымызды ұлықтап, болашаққа бағыт-бағдар беретін, елдің рухын көтеретін маңызды және  Қазақстан халқының бірлігін, бейбіт өмір мен татулықтың қадірін айшықтайтын ұлы мереке болып қала бермек.

Козыбеков Нурсейт Аптысалиевич,

 «№64 «Мақталы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Республика күні – ел бірлігі мен еркіндіктің нышаны

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған