Ересек «Ақкөгершін» тобы

Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының ою – өрнектері мен халықтың әдет – ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балаларға  өз бетімен  ою  қиюға баулу, ойлау  қабілеттерін арттыру. Ою – өрнектерді  дұрыс  таңдап, ою – өрнек  элементтерінің  атауын  бекіту, мақал – мәтелдер  арқылы  баланың  бойына  сіңіру, ұлттық  тәрбие  беру.

Сөздік жұмыс: Ою – өрнек: қошқармүйіз, сынықмүйіз.

Көрнекіліктер: Мультимедиялық тақта, ұлттық  ою – өрнектер, киізүлгісі, ою – өрнектердіңсызбасы, ұлтық аспаптар, түрлі – түсті қағаздар, аққағаз, қайшы, желім, қылқалам, түрлі – түстікартондар,  табиғиматериалдар, ән – күйдискісі, көңіл – күй релаксация,

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне қайырлы күн тілейді.

Шаттықшеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай берші қаламыз.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

Бір – біріне жылы  лебіздерін білдіреді.

 Орындарына жайғасады. Балалар, қазір біз сендермен «Оюлар әлемінде» тақырыбында шығармашылық жұмыс бастаймыз.

– Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою-өрнектері. Ертеде ою-өрнек арқылы бірнәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген.

– Ою – өрнектер жануарлар әлемінде, өсімдіктер әлеміне, геометриялық пішіндермен байланысты дамыған. Онда белгісіз мағыналар мен әшекей емес, бір бағытты баяндайды.

– Қане, балалар қандай ою – өрнек түрлерін білесіңдер?

Балта, тарақ, Бота көз, Толқын, Қарлығаш, Қайнар.

– Енді, балалар, ою – өрнек туралы қандай мақал – мәтелдер, тақпақтар білесіңдер?

1. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

2. Шебердің саусағы – алтын.

3. Ою ойған –сызу да сызады.

Жарайсыңдар, балалар бәріміз жаңылтпаш айтып көрейікші?

Біз кішкентай балдырған,

Он саусақтан өнер тамған.

Қолымызда қайшымыз,

Әдеппен біз бастаймыз

Оюларды қиюдан.

 Таңдайларың тақылдап,

Сойлегенде сөз бермей.

Шешен боларма екенсің,

Бармақтарың майысып.

Түрлі ою ойысып,

Шебер боларма екенсің.

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ ойған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

1.Шебердің қолы – алтын,

   Шешеннің сөзі – алтын.

2. Шешеннің тілі – шебердің бізі.

3. Өнерлі бала – сүйкіді.

4. Өнер көзі – халықта.

5. Өнер – өлмес мұра.

Балаларжаңылтпаштыжетекшіменбірге

қайталайды.

 Бүгінгі  жаңа  оқу  әрекетінде  танысатын  оюымыз «Қызғалдақ»  деп  аталады.  Ою – өрнектерді атау, мағынасын түсіндіру.

Алдарында тұрған қағаздардан қызғалдақ оюын бастырып оны қиып аламыз. Тақтада ілініп тұрған түскиізге апарып жапсырамыз.

Қайшыны абайлап ұстаймыз, басын төмен қаратып, бір – бірімізге қаратпай ұстаймыз.

 Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін  қимылмен жасайды.

Саусақтарым иіліп,

Билей – биллей жөнелді.

Бас бармағым, сұқ саусағым,

Қосып ұстап бояуды.

Ортантерек, шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.

Бүгіліңдер бәрің де!

1,2,3 жина бойға күш,

1,2,3 жина бойға күш

Дидактикалық  ойын:

«Кесенің  оюын  тап»

 – Қане, балалар, соныменбүгінгіоқуіс – әрекетіненнені үйрендік?

– Ою – өрнектердің аттарын атаңдаршы?

– Балалар біз бүгін түскиізімізді қандай ою – өрнекпен өрнектедік?

Қорытындылау

Ою – өрнектерді қиып, жабыстыруды үйрендік. Қызғалдақ, Ботакөз, Гүл, Тарақ, Балта.

Қызғалдақ, Тарақ, Балтаою – өрнектеріменөрнектедік.

«Өнерлерің өрге жүзсін, өркендерің өссін. Үлкен азамат болыңдар!».

Сау болыңдар!

Ахметова Бахытгүл Мұстафақызы,

«Майра» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

«ОЮЛАР ӘЛЕМІНДЕ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған