Прокуратура тарапынан берілген тапсырманың негізінде «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» фактісі бойынша «Нашақорлыққа жол жоқ!» және «Қауіпсіз Мақтаарал» жобасының барысында Мақтаарал аудандық прокуратурасы, Мақтаарал аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесімен біргелікте  іс- шара өткізілді.

Әлеуметтік маңызы ерекше осы шараның мақсаты – қазіргі таңда белең алған нашақорлық індетінің тамырына балта шабу, бүгінде бүкіл адамзат баласының өміріне қауіп төндіріп отырған нашақорлық пен есірткі бизнесі, синтетикалық есірткінің зияны және жастар мен жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Акция барысында ауданымыздың орталық алаңда нашақорлықтың зардаптары жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны жайлы түсіндірілді.

Нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Сондықтан да бұл бағыттағы шараларды көптеп өткізу күн тәртібіндегі маңызды жұмыстардың бірі екені даусыз. Келешек жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс жол таңдауға әрдайым ықпал ету бағытында осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған