Жетісай ауданы әкімдігінде, ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Бұл мәжілістің күн тәртібінде бекітілген ауданда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нуршарифиддин Мейірбектің, «Отбасының цифрлық картасында Д және Е санаттарындағы отбасылардың санын төмендету» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен коммуналдық мекемелердің қысқы жылыту маусымына дайындықтарының барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтің, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу жағдайы мен мақта терім науқанының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың баяндамалары тыңдалды. Атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
Аудан басшысы Серік Мамытов осы мәжіліс барысында аудан басшысы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтің әлеуетін арттыру, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, аудан аумағында жұмыс жүргізетін мердігерлердің жұмысының сапасын қатаң бақылауға алуды, қала, кент көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.