Еліміздің өсіп өнуімен өркендеп, әлемге қанатын кең жаюы болашақ ұрпағымыздың білімі мен білігіне байланысты.Ал, білім мен біліктің дамуына жайқалуына өнердің әсері мол екендігін ғалымдарымыз дәлелдеп өткен.Солардың бірегейі музыка саласы , ән-күй өнері. Музыка сабақтарында кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі болып табылады.Жалпы музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын ұйымдастыра отырып сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Оқытудың жаңа кезеңінде жалпы білім беру түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда, музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі  жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп ,жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз.Ол үшін мұғалімнің өзі жан –жақты білімді ғылымның әр саласынан психология,  педагогика, тіл мен әдебиет тарих музыкасы теориясы, сольфеджио, әлем, қазақ музыка әдебиеті, көркем өнер мен бейнелеу т.б. хабардар болуы  керек.Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі ,түсінігі кең болуының арқасында осы аталған пәндердің сабақ тақырыптарына байланысты ,музыкалық шығармаларды тыңдату әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру  ләзім.

     Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе, әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп, оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра  білуі, тіл пәнімен тікелей байланыста екендегін көреміз.Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы олардың тілдерін , сөйлеу мәдениетін дамытамыз.Үйретілген әндермен музыкалық шығармалардың толыққанды дәрежеде орындалуына қол жеткіземіз.Музыкалық шығармалар әртүрлі тақырыпта, мазмұнда, жанрда болатынын әр адам жақсы түсінеді.Музыканы шығарушы сазгер өмірдегі әртүрлі құбылыстарға , көңіл -күйге өзгеріске байланысты ән-күйлер әкеледі.Соның бәрі –табиғатқа байланысты туындайтын музыкалық шығармалар. Сондай шығармалармен оқушыларды таныстыруда музыка сабағында дүниетану, табиғаттану пәнін кеңінен байланыстырамыз.

         Музыка өнерінің барлық пәндермен ,жалпы өмірдегі барлық салалармен байланыспайтыны жоқ деп айтуға болады.Музыка әлемі- адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз  айтып кеткендей : «Музыка – жақсы мінез-құлықты ,адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл  атқарады. Эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойындағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді»- деген болатын.Расында  музыка –адамзаттың рухани азығы , жан серігі және сөзбен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы , нәзік сезімі, адам жанын жарқындататын өнер. Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы , ақын-жыраулар мен жыршылар болған.Осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме , толғау эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында пәнаралық байланыс ретінде жүзеге асырылады. Мысалы: Алпамыс батыр жыры, Бұқар жырау, Нартай, Тұрмағанбет, Махамбет термелері, айтыс түрлері, Біржан-Сара айтысы, «Қыз Жібек» жыры  негізіндегі операмен таныстыру кездерінде халық ауыз-әдебиетінің музыка өнерімен тығыз байланысын айқындай түсеміз. Музыка сабақатарында оның әдебиетпен поэзиямен байланысы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ақындығымен қатар сазгерлік өнерінен туындаған «Қараңғы түнде тау қалғып», « Айттым сәлем қаламқас» , «Көзімнің қарасы»- әндерінің мәтіні мен музыкасындағы үйлесімділігі оқушылар санасына жеткізілуі тиіс.

        Сонымен қатар, музыка сабағының ықпалы тартымды, қызықты болып жасөсіпімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсуі үшін көркем суреттің үлкен әсері бар. Көркем сурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді және әртүрлі бояуларымен оның мазмұны адамды толғандырып түрлі ой салады.Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз.Ал, көркем суреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал, яғни пәнаралық байланыс ретінде пайдалануға болатындығы.

        Музыкалық шығармалардың, әндердің мазмұнына, сазына, ырғағына байланысты музыка сабағында оқушыларға ырғақтық қимылдармен би элементтерін жасатып отыру арқылы би өнерімен де сабақты үнемі байланыстыруға болатындығын айту керек.Басқа халықтардың би өнерін айтпағанның өзінде қазақ халқының би қимылдарының өзі жас ұрпаққа тәлім – тәрибе , нәзіктік,  әдемілік, ибалылық тағы басқа жақсы қасиеттерге баулуда үлкен мән бар. «Сәлем», «Тәжім билері» үлкенді сыйлау, кіщіге ілтипат ету болса «Шаңырақ» , «Кебеже», «Ағаш төсек», өз жанұясына , отбасына деген сыйластығын қалыптастыру іспеттес.Ал, «Сәукеле», «Тақия» , «Айна», «Моншақ», «Алқа», «Сырға» тағы басқа билер әсемдік сұлулыққа байланысты бұйымдарды бейнелейді. «Елім-ай» бағдарламасына енген би элементтерін  таныстыру оқушыларды ұлттық өнердің басқа да салаларының негізін меңгеруге қалыптастырады. Сондықтан мұғалім музыка сабақтарында өнердің осы түрлерімен таныстырып отырса артықтық етпейді. Себебі, бидің музыкамен біріккен шыңы балет болса оқушыларды Ғ.Жұбанованың « Хиросима» балеті, П.Чайковскийдің «Шелкунчик» балеті , А.Хачатурянның « Гаяне» балетінен үзінділер тыңдату арқылы музыканың би өнерімен тығыз байланысын біліп үйренеді.Музыкалық білім беру- педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына дидкатикалық принциптеріне сүйенеді.Дидактикалық негізгі мәселелер оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау , оқытудың барынша тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру мен тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсетеді .Қазіргі кезде музыка сабақтары педагогика ғылымның жетістігіне сай , түрлі методикалық жайттарымен және пән аралық байланыс негізінде өткізіліп білім сапасы артуда. Оқыту мен тәрбиелеу біртұтас процес болып табылады.Оқу процесінің проблемасы . яғни пәнаралық байланыстың мақсаты шартты түрде үш салаға бөлінеді.

1.Музыкалық теориялық білімді игеру , мұнсыз музыкалық іс-әрекетпен айналысуға болмайды.

2.Вокалдық-аспаптық орындаушылық пен   аспапта ойнау дағдыларын, шеберліктерін , басқа да маңызды қасиеттерді қалыптастыру.

3.Оқушылардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру .Оларды  жоғары-идеялық саяси , эстетикалық ,адамгершілік мұраттарына тәрбиелеу.

Музыка саласы – эстетикалық санаға тұрақты білім берумен қатар , өнер жөнінен , оның ішінде музыка саласынан да, пәнаралық байланысты қолдана отырып, практикада іспен, еңбекпен пайда болатынын сездіру. Олардың білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан әрі тереңдетіп адамгершілік бағытында тәрбие беру деген сөз.

      Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейінде білім, білік негіздерін меңгеруге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесінде өзекті мәселе.

      Пәнаралық байланысқа негізделген кіріктірілген сабақтар, сайыс пен ойын түріндегі сабақтар турнир, эстафета, іскер мен рольдік ойын, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап, жанр мен жұмыс әдісіне негізделген сабақтар және шығармашылық қорытынды пікір, сұхбат, репортаж, рецензия, ми мен шабуылдау, оқыту материалдарын дәстүрлі емес негізде ұйымдастырылуы жақсы нәтиже береді.Қазіргі уақытта білім беруді ізгілендіру мәдениет пен өнердің білім беру мазмұнына терең енуі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл білім беру міндеттерін шешеудің әдістері мен құралдарын қайта қарауға мектептегі өнер құқығын кеңейтуге,оған білім беру жүйесінде лайықты орын беруге әкеледі. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне интегративті көз қараспен оқытумен тәрбиелеудің бір қатар мәселелерін сәтті шешеуге көмектеседі. Оқушының эстетикалық тәрбиесі ,шығармашылық қабілеті ,оның қиялы дамиды. Осылайша , музыка сабақтарында басқа оқу

 пәндерімен байланыс , баланың айналасындағы әлемді тұтас қабылдауын қалыптастырады.

Дариха АХМЕТОВА,

Жетісай қаласы №1 Жетісай балалар өнер мектебі.

МУЗЫКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған