Мен, Джурабй Ғабит  Маратұлы Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты  «Хиуаз Доспанова атындағы № 28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 сынып оқушысымын.  Тарихи – өлкетану  бағыты бойынша география пәнінен үйірме жетекшісі Садыбаева Оралай апайдың жетекшілігімен Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент кентіндегі «Мақта  шаруашылығы тарихи мұражайына» барып қайттық. Экскурсия жетекшісі Рая Бабашова мұражаймен таныстырды.                                                    

     Музей 1944 жылдан бері жұмыс жасап жатқанын білдік.  Музейде алғашында өңірімздегі мақтаның өндірілген өнімдерінің түрлері мен өлкемізде жұмыс істеген еңбекшілер мен еңбектері жұмыс істеген заттары қойылғандығын көрдік. Кейіннен өлкеміздің тарихы мен мырзашөл өңірінде жұмыс атқарған белді азаматтар жайындақұнды дүниелер сақталған.

Сонымен қатар XVIII ғасырдың соңы мен  ХІХ ғасырдың басында тарихи атмосфераға еніп осы кезеңдегі халықтың жай күйімен танысып атқарған жұмыстары жайлы мағлұматтар алып,  сол кездегі   тұрғындардың пайдаланған заттары мен құрал саймандары және де Тәуелсіздік жылдарындағы шаруашылыықтың дамуына арналған заттар қойылған.  Оларды көріп тарихи заттардың құндылықтарын аңғардық.

      Мырзашөл өңірінде топографиялық зерттеулер мен айналысқан ғалып Г.А.Әминовтың  1869 жылы жан-жақты зерттеулерінің нәтижесінде Бетпақдаланың ерте кезден ақ тірішілік  жасаған отырықшыл болғаныдығын анықтаған. Оның белгілері: өңіріміздегі ескі бұзылған дуалдардың орны мен егін салған жер және арық атыздардың іздері дәлел.

    1874-1878 жылдары  Түркістанның алғашқы генерал- губернаторы Г.Коуфманның басшылығымен канал қазуға 70 мыңнан астам адам қатысқан екен. Осы жұмыстар аяқталуға жақын қалғанда 1879 жылы генерал-губернатор қайтыс болғаннан кейін оның бастаған үлкен жұмыстары тоқтап қалды. Осы кезде Түркістан өлкесіне Н.К.Романов келіп ауылдағы ересек кісілер соғысқа кетіп, тек кемпір-шал, әйел-қылдар, жасөспірім балалар қалып , колхоз басшылары қыз келіншектерді ат-арбаға мінгізіп кетпенін , темір күрегін, қап, зембілдерін қолына алдырып,  канал қазуға «Сым арыққа» алып кететін болған. (Мен сол бейнелерді көрдім)

   Негізінен өңіріміздің топырағы сұр және сортаңдау болып келеді. Көктемде эфемерлік шөптесін өсімдіктер қалың өсіп, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан мен жантақ тектес өсімдіктер ғана сақталып қалады. Мен сол сұр топырақты жерлердегі өсімдіктер , бауырымен жорғалаушылар мен түрлі құстардың: қырғауыл, үйрек, дуадақ, бүркіт сынды тағы да басқа құстар мен өсімдіктердің түрлерін көріп қайттым. Сонымен қатар мұражайдан тыл ардагерлері жайында , олардың еңбектері жайында құнды деректер мен және де Тәуелсіздік жылдарындағы шаруашылықтың дамуына еліміздің көркеюіне қосқан үлестерімен таныстым.

    Туған жер- әркіімнің шыр етіп жерге түсіп, бауырында еңбектеп, қадам басқан қассиетті мекені! Әйгілі Бейбарыс бабамыз шетте жүріп туған елін сағынған кезінде әрдайым туған елден алдырған жусанды иіскеп, туған жерге деген сағынышын басып отырған. Біз – Тәуелсіз Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан елміз. Қазыбек би «Алтын ұяң- Отан қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» -деп туған жердің қасиетін ерекше бағалаған.

      Осы мұражайды тамашалағанда туған еліме , өлкеме деген сүйіспеншілігім мені алға жетеледі.

Джурабай Ғабит

«Х.Доспанова атындағы № 28 ЖББМ»-нің

8 сынып оқушысы.

Оралай САДЫБАЕВА,

География пәнінен үйірме жетекшісі.

МҰРАЖАЙДАН ТҮЙГЕН ОЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған