ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың отбасы туралы ұғымдарын кеңейту; отбасы туралы түсінік бере
отырып, отбасындағы туыстық атауларды жатқа айтуды үйрету.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Белсенді сөздік қорға: менің отбасым, отбасы және балабақша, туыстық атаулар
сөз тіркестерін қосу.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Психогимнастика, ғажайып сәт, түсіндіру, баяндау, көркемсөз, миға шабуыл,
кері байланыс, сергіту сәті, интербелсенді тақтадан отбасы туралы бейнебаян
көрсету, пысықтау, «Отбасы мүшелерін ата» ойын рефлексиясы.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Интербелсенді тақта, бір отбасының үйі туралы суреттер, ата мен әже, қыз бен ұл кейпіндегі қуыршақтар, отбасына арналған слайд немесе мазмұнды суреттер;
отбасы эмблемасы бейнеленген таңбалауыштар.
– Балалар, бүгін қандай әдемісіңдер! Демалыс күндері отбасында жақсы
тыныққандарың көрініп тұр. Солай ма? Иә.
– Балалар, бәріміз үлкен шеңбер жасап тұрайықшы?! Жарайсыңдар! Барлығымыз
бірге қимылдарды қайталаймыз.
Армысың, тобым! (қолдарын жоғары көтереді)
Армысың, добым! (допқа қарау)
Армысыз, апай! (қолдарын жандарына жаяды)
Армысың, балақай! (бір-біріне қарайды)
Отбасынан сәлем! (қолдарын жандарына жаяды)
Гүлденсін әлем! (қолдарын жоғары көтереді).
– Керемет, балалар! Қимылдарды тамаша жасадыңдар! Орындарыңа жайғасып
отырыңдар.
Сол сәтте есік қағылады. Педагог:
– Балалар, есік қаққан кім екен? Мен көріп келейін.
Педагог қолына қуыршақтарды ұстап (ата мен әже, әке мен ана, ұл мен қыз,
бөпе қуыршақ) қайтып кіреді:
– Балалар, бізге қуыршақтар отбасы қонаққа келіпті. Балалар, қуыршақтармен
амандасайық. Сәлеметсіздер ме!
– Қуыршақтар отбасы әлемінен келіпті. Өздері бақытты отбасы сайысына
қатысып, бас жүлдені жеңіп алыпты. Құттықтаймыз! Кәне, балалар, бәріміз бірге
құттықтайық!
– Құттықтаймыз!
– Балалар, бұл бақытты отбасы біздің бақшаға келіп, сендермен жақынырақ
танысқысы келеді.
– Балалар, сендер орындарыңнан бір-бірден тұрып, бұл отбасына өздеріңді
таныстырып өтіңдер.
– Мысалы, Айдын орнынан тұрып, «Мен Айдынмын!» деп таныстырып, өз орнына
3отырады. Қалғандарың да солай таныстырып өтесіңдер.
Балалардың бәрі орындарынан тұрып, өздерін таныстырып шығады.
Педагог:
– Балалар, қуыршақтарға қарайықшы, олар бақытты көрінеді.
– Қазір қуыршақтармен танысайық. Шашы ағарған қуыршақтар – ата мен әже.
– Ата кім, балалар? Әкенің әкесі. Дұрыс.
– Балалар, ал әже кім? Әкенің анасы. Дұрыс.
– Әке кім? Өзіміздің туған әкеміз. Дұрыс айттың, Ажар!
– Ана кім? Өзіміздің туған шешеміз. Жарайсың, Мәрлен!
– Мына жерде екі қыз бен ұл қуыршақтар бар. Ол екеуі бір-біріне кім болады? Аға
мен мен қарындас. Дұрыс айтасың, Әлия!
– Аға мен мен қарындас екенін қайдан білдің, Әлия? Қыз қуыршақ кішкентай.
Өте дұрыс айтасың.
– Айнагүл, аға кім, сен айта ғой? Қыздан үлкен ер бала. Жарайсың, дұрыс
айтасың!
– Балалар, қарындас кім болады, кім айтады?
– Қарындас – ер баладан кіші қыз бала. Жақсы!
– Балалар, тағы да бір қайталайық? Мен сендерге қуыршақтарды кезекпен
көрсетемін. Сендер жауап беруге тырысыңдар.
– Балалар, мен қуыршақты кімге көрсетсем, сол ғана жауап береді.
Қалғандарымыз білсек те, үндемей отырамыз.
Педагог қуыршақтарды балаларға кезекпен көрсетіп, қандай туыстық атауы бар
екенін нақтылап сұрайды.
2.2. Сергіту сәті. «Отбасы.»
– Балалар, орнымыздан тұрып, бәріміз сергіп алайық.
Атам менің – жүректі, (қолдарымен жүректерін ұстайды)
Әкем менің – білекті. (қолдарын бүгіп, жұдырықтарын түйеді)
Әжем – күлкі әлемі, (қолдарын алдарына жаяды)
Анам менің – әдемі. (қолдарын дөңгелектеп жоғары көтереді).
2.3 «Бақытты отбасы үлгісі» қойылымын тамашалау.
Педагог:
– Балалар, қазір біз қысқаметражды қойылым көреміз.
– Балалар, бейнефильм қалай аталады?
– Бақытты отбасы үлгісі деп аталады. Дұрыс.
– Кімдер туралы? Бай мен кедей туралы. Жақсы.
– Кедей немен айналысады. Су тартумен. Жарайсың!
– Бай немен айналысады? Сауда жасаумен.
– Кедей еңбегін нешеге бөледі? Төртке.
– Қалай бөледі? Бір бөлігі – ата-ана борышы, екінші бөлігі – бала-шаға
тұрмысына, үшінші бөлігі – жарлы-жақыбайларға, төртінші бөлігін – өзінің азық-
түлігіне бөлді. Жарайсыңдар, балалар!
– Бейнефильм ұнады ма? Иә.
2.4. Тақырыпты пысықтау сұрақтары.
Педагог:
– Балалар, біз бүгін немен таныстық? Туыстық атаулармен.
– Отбасында кімдер болады? Ата мен әже. Дұрыс.
– Тағы кімдер болады? Әке мен ана. Жарайсың!
– Тағы да? Аға мен қарындас.
– Тағы да? Бөпе болады.
– Тамаша, балалар!
2.5. «Отбасы мүшелерін ата» дидактикалық ойыны.
Педагог:
– Балалар, қазір біз «Отбасы мүшелерін ата» дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты мынадай. Екі топқа бөлінесіңдер. Тақтадан отбасы мүшелері
көрсетіледі.
Екі топ әуен біткенше қандай отбасы мүшелері бар екенін анықтап үлгерулерің
керек, қай топ жеңеді, сол топ отбасы эмблемасы бейнеленген таңбалауыштарға
ие болады.
Педагог ойынның барысын өзі кадағалап, балаларды басқарып отырады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің аяғына қарай педагог:
– Балалар, бүгінгі белсенділіктеріңе риза болып отырмын. Отбасы қуыршақтары
да сендерге риза болып жатыр.
– Балалар, қонақтарды шығарып салайық. Сау болыңыздар!
– Ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады ма? Иә.
– Бүгін немен таныстық? Отбасындағы туыстық атаулармен таныстық.
– Балалар, ата кім? Әкенің әкесі. Дұрыс айтасыңдар.
5– Әке кім? Біздің өзіміздің туған әкеміз. Жарайсың, жақсы түсініп алыпсың!
– Балалар, енді ата-ана туралы әнді тыңдап, көңіл күйімізді көтеріп алайық.
Сатыбалдиева Гүлбану Тілегенқызы
«Әсел» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.