Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің бастапқы мақсаты – әрбір баланың дамуына тең мүмкіндік беру. Алайда елімізде балабақшаға бармайтын немесе кезек күтіп отырған балалар да аз емес . Осындай жағдайда ата-аналарға әдістемелік және психологиялық қолдау көрсететін консультациялық пункттердің маңызы зор.Осыған орай Жетісай ауданының білім бөлімі «Майра» бөбекжай –бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» үй жағдайында тәрбиеленетін (балабақшамен қамтылмаған) балалардың ата-аналарына педагогикалық танымын кеңейту» тақырыбында аудан көлеміндегі балабақша педагогтері мен ата-аналарға дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Қатысушы педагогтар мен ата-аналарға «Консультациялық пункт» туралы «Майра» бөбекжай –бақшасының тәрбиешілеріашықұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы тәжірибелерімен бөлісіп ,кеңестер берді.

Консультациялық пункт дегеніміз – балабақшаға бармайтын балалар мен олардың ата-аналарына тегін көмек көрсететін ,бала тәрбиесі мен дамуына бағыт- бағдар беретін орталық. Мұнда педагогтер ,психологтар,логопедтер және әлеуметтік мамандар ата-аналарға баланы үй жағдайында қалай дамыту керектігі туралы кеңес береді .
Неліктен желіні кеңейту қажет:
- Балабақшамен қамтылмаған балалар саны әлі де жоғары;
- Ата-аналардың көпшілігі үй жағдайында баланың дамуын дұрыс ұйымдастыру жолдарын білмейді;
- Алыс ауылдық жерлер мұндай қызметке қол жеткізе алмай отыр.
Сондықтан консультациялық пункттердің санын көбейтіп қана қоймай, олардың қызмет сапасын жетілдіру – уақыт талабы.
Жетілдіру жолдары:
1.Жаңа пункттер ашу: балабақшалар,мектептер,мәдениет үйлері мен кітапханалар базасында;
2.Онлайн форматтағы бейнекеңес,вебинар,чат қызметтері арқылы;
3.Алыс ауылдарға барып қызмет көрсететін мобильді топтар.
Қызмет мазмұнын сақтау және дамыту:
–Баланыңсөйлеу,ойлау,эмоциялық дамуы бойынша кәсіби кеңес;
-Ата-аналарға арналған шеберлік сағаттар,тренингтер;
– Үйде қолдануға арналған бейнесабақтар,әдістемелік нұсқаулықтар тарату;
Ата-аналармен кері байланыс орнату:
-Ата-аналар клубтарын құру,сұрақ-жауап алаңдарын ұйымдастыру;
– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тұрақты байланыс жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
– Баланың бейімделуі жеңілдейді;
– Ата-аналардың тәрбие беру мәдениеті артады;
Балабақшаға дайындық деңгейі жақсарып ,мектеп табалдырығын сенімді аттайтын балалар саны көбейеді.
Қорытындылай келгенде «Консультациялық пункттер» – бұл тек кеңес беретін орын емес ,ол – отбасы мен балабақша арасындағы сенімді көпір.Оның қызметін кеңейту – ел ертеңі үшін жасалатын маңызды қадам. Себебі әрбір бала сапалы даму мен қамқорлыққа лайық.
Бектибаева Гульвира Толегеновна,
«Майра» бөбекжай –бақшасының меңгерушісі.
