Жуырда МКҚК «Бөбек» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәрбиеші ретінде бұл кездесуге белсене қатысып, ата-аналарға балалардың дамуына қатысты маңызды ақпараттар жеткізілді.

Кездесу барысында ата-аналарға баланың жас ерекшелігіне сай қандай дағдыларды меңгеруі керектігі, үй жағдайында баламен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігі жайлы түсінікті кеңестер бердік. Әсіресе сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісті кеңейту, ұсақ моторика мен қимыл-қозғалысты жетілдіру бойынша қарапайым, бірақ тиімді әдістер ұсынылды.

Психолог пен логопед мамандар да өз кеңестерін беріп, жеке сұрақтар бойынша ата-аналарды қабылдады. Біз ата-аналарға үйде қолдануға болатын ойын түрлерін, баланың мінез-құлқымен жұмыс істеу жолдарын, қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік. Онлайн форматта кеңес алғысы келгендерге де мүмкіндік жасалды.

Жуырдағы өткен бұл шара ата-аналар тарапынан жақсы қабылданып, көпшілігі өз баласының дамуына қажетті қолдауды алуға мүмкіндік алды. Тәрбиеші ретінде мен де осындай кездесулердің маңызын ерекше сезіндім. Алдағы уақытта да ата-аналармен бірлесе жұмыс істеп, балалардың жан-жақты дамуына үлес қоса береміз.

 Мадина ИСЛАМКУЛОВА,

МКҚК”Бөбек” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған