Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында Мақтаарал ауданы әкімдігінің фронт-кеңсесінде, құжаттандыру-куәліктер, төлқұжаттар мен жүргізуші көліктерін алу, әскери билеттер беру және ҰОС куәліктерін беру және осы салаларда көрсетілетін өзгеде қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл іс-шараның өтетіндігі жөнінде жергілікті БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарландырулар жұмыстары жүргізілді. Кеңсеге келуші азаматтарға, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық бөлімі және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан құжаттандыру тақырыбындағы сұрақтарға ауызша түсінікті жауаптар мен консультациялық кеңестер берілді.

МАҚТААРАЛДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған