Қазақстанның білім беру жүйесінде ең алдымен «Мақсатты мектеп» жобасы неліктен маңызды деген сауалға тоқталсақ.
Біріншіден, жоба – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
Жоба аясында ұстаздар үшін арнайы тренингтер, семинарлар және тәжірибе алмасу платформалары ұйымдастырылады.
Мақсатты мектеп жобасы – ұстаздардың кәсіби дамуына жан-жақты көзқарас ұсынады. Атап айтқанда:
- педагогикалық дағдыларын жетілдіруге,
- оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға,
- ұстаздардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға,
- өз тәжірибелерін талдау және жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға,
- сандық құзыреттілікті дамытуға,
- кәсіби өсуді қолдауға бағытталған.
Оқу ортасын жақсарту – білім сапасын арттырудың маңызды аспектісі. Мақсатты мектеп жобасы аясында оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, зертханалар мен шеберханаларды жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Бұл оқушыларға теориялық білімдерін практикада қолдануға және мектеп кітапханаларын жаңартуға, цифрлық ресурстарға қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне арналған аймақтар құру жоспарланған.
Бұл шаралар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Айталық,
Заманауи жабдықтар, интерактивті тақталар, проекторлар және компьютерлер сияқты заманауи оқу құралдарымен жабдықтау
Цифрлық ресурстар, электронды оқулықтар, онлайн курстар және білім беру платформаларына қолжетімділікті арттыру
Зертханалар мен шеберханалар. Ғылыми зертханалар мен техникалық шеберханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету
Ыңғайлы оқу кеңістіктері. Жайлы оқу орындары мен топтық жұмыс аймақтарын құру
Құрметті ұстаздар, әріптестер!
Академик Қаныш Сәтбаевтың «Ғылым майданының қатардағы жауынгері үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне көтеріледі» деп айтқанындай, сапалы білім беру жолында аталған жобаны қолдап, білім сапасын арттыруға зор үлес қосатындарыңызға нық сенімдімін.
Ғалымжан АЛМАТОВ,
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.