Қосымша білім беруде музыкалық білім саласын ұйымдастыру педагогика тарихында ең пікірталасты мәселе болып келеді.

Әрбір тарихи кезеңде музыкалық білім беру саласы бойынша ұйымдастыру жұмыстары өз таңбасын қалдырып отырады екен. Сол сияқты қосымша білім беру ұйымдарында бегілі бір оқу міндеттерін шешуге байланысты әрқилы ұсыныстар мен тәжірибелер қолданысқа енгізіп отырады.

 Жас балалар өнерді, музыкалық аспапты, сурет салу т.б. шеберлігін «тезірек игерсем» деген балалық ойда болып, одан тезірек нәтиже шықпаған соң екі-үш жыл еңбектеніп келіп қалдырып, тастап кету жайлары жиі кездеседі.

Міне халқымыз айтқандай, «баланы жастан» дегендей жас сәбиді о бастан дағдылы еңбекке үйрету деген сөз. Жас сәби ертеңгі өмірін болжамай тек – «осы қосымша еңбектен басым босаса» – деген қысқа шешімге жақын болады.

Жас баланы өнерге баулуда осы айтылған ойлардың іс жүзіне келуіне, нәтиже көрсетуінде баланың төңірегінде үлкендердің, ата-анасының шешіміне байланысты екендігінде дау жоқ. Бірінші – үшінші сыныпта оқып жүрген оқушылар сыныптас, көршілес балалардың іс-әрекеттерін көріп жүрген немесе сол жолдастарының ән, би, сурет салып, музыка ойнағандарын тыңдап өнерге деген эстетикалық талғамы оянып үлкендерге маған домбыра, баян, фортепиано, алып бер, немесе би, хор үйірмелеріне, музыка, өнер мектептеріне барамын деген тілек айтады. Осындай тілектерді ата-аналар елемей, көңіл бөлмей баланың іздеген тілегін жандандырудың орнына «Қарағым, оны қайтесің?», «өзің бара бер, менің басымды қатырма», – деген жауаптармен шектеледі.

Баланың айтылған тілегіне ата-ана педагогикалық үлкен баға беріп, оның тілегін іс жүзіне асыру жағын ұйымдастырып, баламен бірге ата-ана да тұрақты нәтижелі өнертану еңбегіне кіріспейінше баланың таңдап, аңсап жүрген қолы жеткен өнер үійрмесінің жұмыс бағыты тоқырап қалуы заңды жай.

Міне бірлескен баламен әкенің өнертану еңбегіне бір-екі жылдан бастап төрт-бес жылға толды дейік. Енді сол өнердің әсемділігін сезінген жетістігімен ұштастырған бала мен әке көркемдік эстетиканың есігін ашып, қуаныш төрінде болуында дау жоқ демекпіз. Баланың бесінші, алтыншы өнертану жылдарында қалыптасқан еңбектің арқасында оқушы бала үлкендердің көмегін керек ете бермейді. Ол өзінше сол өнерден үлкен күш-қуат, дүниетану, әсемдік әлемін сезініп көркемдік-эстетикалық сезімдерге жол ашқанын біртіндеп сезінеді, байқайдыда қасындағы қарым-қатынаста жүрген балаларға, крек десе үлкендерге де пайдалы әсерін тигізіп қоғамымыздың жан-жақты дамыған мәдениеті жеке тұлғаның негізгі іздерінің басы екендігін сезіне бастайды.

Жоғарыда айтылған өнерге ұл балаларды баулу жайы әке мен ананы ғана ойландырып қоймай халқымыздың болшағын тәрбиелеудегі мәселелердің бірі деп білгеніміз жөн. Оның себебі баршаға түсінікті. Дегенімен өнерді сүю игеру, мамандану жағына  келгенде ер балалар жастайынан бастап өздерін ән айтудан, музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігіне жетуден өздерін алыс ұстауға дағдыланады. Оған үлкендердің көмегіде тиіп жатады. Музыкаға немесе басқа өнер үйірмелеріне қатысып жүрген бірінші, төртінші сынып оқушыларын байқасақ онда ер балалар саны санаулы-ақ екенін байқау қиынға соқпайды. Оған керсінше бүгінгі 18-20 жастағы жастардың ішінен халқымыздың  сүйіп тыңдап ел арасындп кеңнен тараған домбыраны ойнайтын немесе мәнерлеп ән салатын баян, скрипка, фортепиано, кларнет, труба ойнайтын ер балалар кемде-кем. Осы айтылған мәселелержі жою, әрбір ел балаларды жастайынан өнерге баулу, тәрбиелеу баршаның, халықтың ісі, мектеп пен ата-ананың ісі демекпіз.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы музыка сабақтары – білім мен тәрбие беру ісіндегі маңызды саланың бірі. Өнер, саз мектептерінде жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды ұлттық музыкаға баулиды. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып-білудегі ой-өрісін байытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы музыка сабағы оқушылардың музыка жөніндегі түсінігін кеңейтіп, бағдарлама көлеміндегі білімін толық меңгерту міндетін орындайды. Білім жүйесі негізінде даярланған бағдарламалар мен оқулықтар көп жылғы ғылыми ізденістердің, бақылаудың, практикалық тәжірибенің нәтижесінде дүниеге келген.

Музыкалық білім беру оңай емес екені белгілі. Музыка маманы тек педагогикалық шеберлікті, іс-тәжірибені мекгерген білікті ұстаз болып қана қоймапйғ сонымен қатар музыкалық аспапты жоғары дәрежеде меңгеретін, әдістемелік жағынан қаруланған, ізденімпазда шығармашыл мамандық иегері болып табылады.

Музыка сабағын баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап дұрыс ұйымдастырып, музыкалық тәрбие музыка мұғалімінің алдында көптеген міндеттерді жүктейді.

Музыка мұғалімі шығармашылық қиялы мол, арнайы аспап бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан-жақты ғылымға сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық музыкалық білім беру педагогикасы сияқты білімдерінің болуы заңды құбылыс.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлы серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орынын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға байланысты.

Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ететің механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ, антика ғұламалары назар аударған.

Тарихи – археологиялық деректерге қарағанда музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударарлықтай жинақталған.

Музыка өнері – адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырады. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәрбиенің қоғам дамуның деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.

Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырады. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмірі әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.

Ән салу музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, демалу органдарының шымырда, икемді жетілдіруіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе тұрып ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптарды қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетіне қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттердің дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембірін, күшін, бір мезгілде немесебірізділікпен сабақтаса етілетін дыбымтар кешендерін ажырату қабілеттерін иелейді.Сөйтіп есту рецепторларының қызметтері белсендіріледі.

Басқа да өнер түрлері сияқты музыка танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыту өрісі кеңейеді, ойлау процесі жеделдетіледі.

Музыка мен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын, сонымен қатар шығарманың түрлі фактурпаларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі.

Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттеріндегі дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді.

Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде музыкалық маңызы зор. 

Қазақстандағы қосымша білім беру ұйымдарында музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, туған өлкенің сұлулығы мен байлығын қастерлеп, бағалау, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңы да жас ұрпақтың жоғары адамгершілік сапа қасиеттерін, ұлттық аптриотизм мен намысын, адамдарға деген ізгілікті қарым-қатынасын, мінез-құлқын, халықтың қайталанбас мәдениетіне сыйластық көзқарасын қалыптастыруды көздейді, соның ішінде музыкалық бізлім беру мазмұнын қалыптастыруда өзгерістерді талап етеді. Осы талаптарды музыкалық білім беру мазмұнында  негізге алу мақсатында, қазақстандық ғалым-педагогтар, музыка мұғалімдері оқу бағдарламалары мен, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасады.

Қосымша білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылай алатын, педагогкалық қызметі қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-музыкант, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мұнымен қоса педагогикалық музыка мұғалімдері тәжірибелі шеберлердің кәсіпқой мәдениетімен, оның еңбекпен шығармашылық іс-әркетімен таныс болып, музыка-педагогикалық білімдердің қоғамға қажет екенін сезінуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүйсембінова Р.Қ. «Музыкалық білім беру педагогикасы». – Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлкеттік университеті, 2006 ж. – 216 б.
  2. Момынұлы П. «Музыкалық эстетикалық тәрбие». – Алматы: ҚАЗақпарат, 2000 ж. -272 б.
  3. Қыдырбаева М. «Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі». Оқу-әдістемелік құрал. – Асатана:Фолиант, 2010 ж. – 136 б.
  4. Сүлейменова Р., Жұмалиева Ғ. «Музыка пәнін оқыту әдістемесі». Оқу-әдістемелік құрал. – Асатана:Фолиант, 2010 ж. – 136 б.

Айсара АЛИМОВА

№1Жетісай балалар өнер мектебі директорының

оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагог-модератор,

педагогика ғылымдарының магистрі.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған