Оқушыларды көрме дайындау жолдарымен таныстыру,  өздері бейнелеген шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту, өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.

Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатында «Қыл қалам» үйірмесінде «Көрме ұйымдастыру» тақырбында ашық сабақ болып өтті.  Сабаққа бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, көрме  дайындауға арналған керекті  құрал-жабдықтар көрнекілік ретінде қойылды. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, өткен сабаққа шолу жасап алдым. Одан кейін оқушыларға салт-дәстүрлерді дәріптеп, ырым-тыйымдар туралы мағлұматтар бердім.

Жаңа сабақта оқушылар табиғатқа қатысты әртүрлі суреттер салды. Оларға суреттердің қалай салу керектігі, қаламды қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріп, үйреттім. Балалар салған суреттерін тақтаға іліп бір-бірлерімен пікір алмасты. Бұл сабақтың балаларға үйретері көп болды.

Жеңісхан ӘСІЛБЕКОВ,

 Жетісай ауданы білім бөліміне қарасыты  Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы қосымша білім беру педагогі.

«КӨРМЕ  ҰЙЫМДАСТЫРУ» САБАҒЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған