Қазақтың ұлттық ою-өрнегі-қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып,белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер,қолөнер мен дизайн ерекшеліктерін анықтау және зерделеу мақсатында 5«А» сыныбынаҚазақтың өю-өрнектері тақырыбында сабақ өттім. Сабағымды оқытудағы түрлеше жаңаша тәсілдерді пайдаландым. Сабақты ең алдымен «Мазайка» әдісі бойынша сыныпты топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырып  алдым.Үй тапсырмасы сұрақ жауап арқылы сұралды..Жаңа сабақ:Қазақтың ұлттық ою-өрнектері ( түрлері,стилизация мен мотивтері )

Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері,мотивтері қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).

1-тапсырма  Кеңінен таралған ою-өрнектерді сызып қорғап шығу.«Джигсо» әдісі бойынша  әр топ жасаған ою-өрнектерін алып шығып не мақсатта жасағанын және неліктен ол оюды таңдағанын айтып қорғап шықты.

2-тапсырма «Сен білесің бе?» Әдісі арқылы ою-өрнектердің шығу тарихын түсіндіріп сипаттай білді.

3-тапсырма «Тik Tok» әдісімен ойын ойнау . Оқушылар ортаға шығып іс-қимыл арқылы ою-өрнектерді көрсете алды.

«Жетістік  баспалдағы»  Рефлексия

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған  ойларын тізбектеп толық жеткізе алды.

Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті саласы-ою-өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұнға ие болып жаңа түр тауып, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда.Өнер өлмейді,өнер көнермейді,өнер жеміс ағаштың бұтағындай  гүлдеп,жемістене береді. Ою-өрнектермен таныстырып,олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігін арттырып,шеберлік қабілітін дамытып жұмыс жасап келемін.

Удербаева Роза Сүндетовна

№ 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі 

КММ қосымша білім беру педагогы.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін әдіс –тәсілдерде қолданылуы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған