2025 жылдың қараша айында 7-сынып оқушыларына арналған «Қалай күрделі сөздер жасалады» атты ашық сабақ өттім.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға күрделі сөздердің құрылысын үйрету, оларды сөйлеу мен жазбада дұрыс қолдануды дамыту, сонымен қатар мәдени құндылықтарды қалыптастыру болды.

Сабақ үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сәлемдесуден басталды. Психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін «Үлкен шеңбер» ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің үй тапсырмасындағы қиындықтары мен сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Кейінгі кезеңде «Бір сөзбен ата» стратегиясы арқылы оқушыларға әртүрлі сөздер ұсынылды. Мысалы, «Машина, шөп шауатын», «Жұмыс беретін адам», «Жас көрермен театры» және т.б. Оқушылар бұл сөздерді талдап, қай сөздердің екі түбірден тұратынын анықтады. Бұл әдіс арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздері ашты.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар күрделі сөздердің жасалу жолдарын зерттеді. Мұғалім сөздердің төрт негізгі тәсілін түсіндірді:

1. Толық сөздердің қосылуы (мысалы, «офис-менеджер»).

2. Негіз сөздерге жалғаулық дауысты қосу («самолёт»).

3. Негіз сөз бөліктері мен толық сөздердің қосылуы («физкультура»).

4. Қысқартылған негіздер («ЦОН» – Халыққа қызмет көрсету орталығы).

Стратегия «Идеялар себеті» арқылы оқушылар күрделі сөздерді топтарға бөлді, сөйлем құруға, өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Сонымен қатар, олар мәтіннен күрделі сөздерді тауып, сөйлемдерде қолданды, қысқаша диалогтар құрастырды. Сабақ соңында «Синквейн» әдісі бойынша «Мәдениет» сөзінен шағын шығармашылық жұмыс жасалды.

Сабақ барысында оқушылар тек грамматикалық дағдыларын дамытумен шектелмей, бір-біріне мейірімділік пен сыйластықты көрсетті, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренді. Мұғалім рефлексия кезеңінде оқушылардан сабақтағы өз жетістіктері мен қиындықтарын жазуды сұрады, бұл олардың өзін-өзі бағалауға және сабақ процесін талдауға көмектесті.

Ашық сабақ оқушылардың сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін дамытуға, күрделі сөздердің жасалу жолын меңгеруге, сондай-ақ топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Ерімбетов Ерлан Бақтыбайұлы,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

«Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.   

«ҚАЛАЙ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ЖАСАЛАДЫ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған